Четверг, 18.04.2024

Ө.Сейітов: «Республика прокуроры ретіндегі басты міндет – Бас прокуратураның жұмысын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдау»

Ө.Сейітов 1966 жылы ҚазКСР прокуратурасын басқарып, зейнеткерлікке шыққанға дейін сол лауазымда 18 жыл қызмет еткен.

1970 жылы Ө.Сейітов ерікті халық жасақтарын ұйымдастырудың жаңа түрін — Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және алты ірі қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, әсіресе бұрын сотталғандар мен мінез-құлқында ауытқулары бар жасөспірімдер арасында құрылған жедел отрядтарды енгізді.

Бұл ретте прокурор халық арасында құқықтық білімді насихаттау негізінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға зор мән берді. Прокуратура қызметкерлері соттарға кеңес беріп, көмек көрсетті, кәсіпорындарда, колхоздар мен совхоздарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді, қылмыстың жай-күйі мен социалистік меншіктің сақталуы мәселелерін қорытындылады.

Қазақ КСР прокуроры қызметінде жұмыс істеген жылдары Өтеген Сейітұлы прокурорлық-тергеу кадрларын іріктеу, орналастыру, тәрбиелеу және сапасын арттыру бойынша орасан зор жұмыс атқарды.

Ө.Сейітовтің өзі еске салғандай, оның республика прокуроры ретіндегі басты міндеті жалпы прокуратура жұмысын жетілдіру бойынша нақты шаралар қабылдау болды. Ол прокуратура қызметкерлерінің құрамын ұлғайту және оны материалдық қамтамасыз ету маңызды шаралардың бірі деп санады.

1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, жауынгерлік және еңбек батырлық әрекеттері, заңдылықты нығайтқаны үшін «Қызыл Жұлдыз», «I-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, екі мәрте «Халықтар Достығы» орденімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Сондай-ақ, көптеген грамоталармен, КСРО Бас прокуроры  Ө.С. Сейітовке бірнеше рет алғыс жариялаған. «Қазақ КСР еңбек сіңірген заңгері», «прокуратураның құрметті қызметкері» атағының иегері.

Өтеген Сейітов 15.09.1923 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы майдандарында үш рет жараланған, бірақ госпитальдардан кейін әскери бөлімдерге қайта оралған.

1945-1949 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Келес, Сарыағаш аудандарында прокуратураның тергеушісі болып жұмыс істеген.

1949-1951 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының аға тергеушісі болған.

1951-1959 Ж. Ж. — Қазақ КСР прокуратурасы бөлімінің прокуроры;

1959 ж. — Алматы облысы Совет ауданының прокуроры.

1961-1962 Ж. Ж. — Алматы облысының прокуроры.

1962 ж. — Қазақ КСР прокурорының бірінші орынбасары.

1966 -1984 Ж. Ж. — Қазақ КСР прокуроры.

Ел тарихында өзіндік орны бар Өтеген Сейітовтің прокуратура органдарының қызметін қалыптастырудағы еңбегі ұшан-теңіз. Ақыл-парасаты мол, халықтың қамын өз басынан артық қойып, адамгершілік пен қарапайымдылықты қос қанатындай қатар ұстай білген Ер есімі – ел есінде!

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Обсудили вопрос питания в детсадах

На заседании отраслевого Совета услуг при РПП области Ұлытау с участием заместителя директора Палаты по …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *