Пятница, 11.10.2024

Әл-Фараби универитетінде халықаралық III Қысқы PR мектебі өтті

Цифрлық технологиялар, медиа, PR мамандарының тәжірибесі мен кәсіпке адалдық тоғысқан тұста сапалы өнім туады.

Білім сапасын арттыруды мақсат еткен халықаралық III Қысқы PR мектебі өзекті тақырыптар, кәсіби спикерлер, жаңашыл идеялар мен инновациялық пікірлер тоғысқан платформаға айналды. Қысқы мектепте цифрлық PR және БАҚ, жасанды интеллект технологиялары, климат өзгерісі, табиғи апаттар, қауіп-қатерді азайту, ағымдағы жаһандық қақтығыстар, дезинформацияның таралуы т.б. мәселелер талқыланып, халықаралық және отандық медиа, қоғаммен байланыс сарапшыларының, білікті педагогтардың шеберлік сағаттары өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған Халықаралық III Қысқы PR мектеп ЮНЕСКО белгілеген халықаралық Білім күніне арналып, тұрақты дамудың төртінші «Сапалы білім» мақсатын қамтыды. Қатысушылар педагогикалық идеяларымен, тұрақты даму мүдделеріне негізделген коммуникация мен білім берудің түрлі аспектлерімен бөлісті.

Қысқы мектептің ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Л.Қ. Еркінбаева университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Ж.Қ. Түймебевтың атынан мектеп жұмысына табыс тіледі. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 10 жыл бойы БҰҰ «Академиялық ықпал» (UNAI) тұрақты даму бойынша Жаһандық хаб бағдарламасын басқарып келеді және университеттің «үшінші ұрпақ» маңызды миссиясын табысты жүзеге асыруда. Университет халықаралық QS рейтингінде 230-орында. QS Asia университеттері рейтингі бойынша 29-шы сатыда. Қысқы мектеп университеттің тұрақты даму саласындағы стратегиясына үлес қосады», – деді проректор.

Журналистика факультетінің деканы Т.М. Көпбаев мектеп барысында қамтылатын тақырыптардың маңыздылығын атап, мектептің тағылымды, пайдалы шара, спикерлердің кәсіби маман екендігіне тоқталды. Шараның ресми серіктестері Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросына, «Түркітілдес журналистер қоры»  мен «PR-шы» клубына алғыс білдірді.

Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов: «ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының соңғы өткізген кездесуінде біз ынтымақтастықтың маңыздылығын сезіндік. Кафедраның көтерген проблемалары Орта Азия елдерінде үлкен қызығушылық туғызды. Кафедраның Орта Азия университеттерімен, халықаралық институттармен әріптестік қарым-қатынас орнатуы тұрақты даму бойынша білім берудің инновациялық әдіс-тәсілдерін талқылап, тәжірибе алмасу мақсатын көздейді. Қырғызстанның журналистік білім беретін жетекші төрт жоғары оқу орны журналистерді даярлау сапасын арттыру үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы әзірлеген курстардың негізінде Коммуникацияны дамыту Халықаралық бағдарламасының ресурстарын қырғыз тілінде белсенді қолдана бастады. Бұл қуантарлық жайт. Осындай шаралар болмаса білім сапасын арттыруға арналған тұрақты платформаларды дамыту күрделі болар еді», – деді.

Шараға қатысқан журналист Нұрлан Нұрғазин ұлттық PR-ды дамыту туралы өзекті мәселені қозғады.

Түркітілдес журналистер қорының президенті Назия Жоямерген салалық журналистиканы дамыту, жасанды интеллектің Қазақстандағы қолданылуы, журналистің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне тоқталды. Қордың ЮНЕСКО кафедрасымен бірлескен шаралары мен болашақ жоспарлар туралы әңгімеледі. Студент, оқытушыларға арналған байқаулар туралы ақпарат берді. Журналистика факультетінің студенттеріне Стамбулда Жазғы мектеп ұйымдастыру, әлемдік Әйел журналистердің форумын кафедрамен бірлесіп өткізу туралы әңгімеледі.

«Қазақстан тұрақтылық қоры» АҚ Сыртқы коммуникациялар қызметінің бас менеджері Айбар Олжай: «Коммуникацияның маңызы артқан қазіргі кезеңде мамандардың да біліктілігі жоғары болуы керек. Қысқы мектеп соған мүмкіндік береді. Академиялық білім мен практиалық тәжірибені ұштастыру синергиясы кәсіби мамандар даярлауға жағдай жасайды. Биржалық қаржы саласындағы мамандарға халықаралық жаңа талаптар қойылуда. Қаржы саласында жаңа технологияны меңгерген, аудиториямен жұмыс істей алатын қазақ тілді мамандар қажет», – деді.

Түркияның Еуразиялық мәдениет және спорт ынтымақтастығы қауымдастығының президенті Ахмет Түзүн әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің  студенттеріне Түркияның ірі бұқаралық ақпарат құралдарында тағылымдамадан өтіп, кәсіби білімі мен тәжірибесін арттыруға қолдау көрсететіндігін білдірді.

Қысқы мектептің ашылу салтанатына І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының,  А. Байтұрсынұлыатындағы Қостанай өңірлік университетінің және  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысты.

Қысқы мектеп 5 наурызға дейін гибридтік форматта жалғасады. Журналистика факультетінде бір апта бойы Халықаралық журналистика және PRапталығы өткізіледі.

Назгүл Шыңғысова,

ЮНЕСКО-ның журналистика және

коммуникация кафедрасының меңгерушісі

Әл-Фараи атындағы ҚазҰУ

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Мнение о необходимости строительства АЭС

Уважаемые друзья/читатели! Я бы хотел высказать свое мнение по поводу необходимости строительства АЭС в Республике …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *