Суббота, 27.07.2024

ҚАЗАҚ-ТҮРІК ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ

Қазақ-түрік өнерпаздары Алматыда флейталық музыка кешін өткізді.

15 мамырда Алматыдағы “Aubakirova Art Space” мектебінде Қазақстан Республикасының Халық Әртісі Жәния Әубәкірованың ұйымдастыруымен классикалық музыкалық кеш өтті.

Концерттің салтанатты ашылуында Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддерисоғлұ мырза келіп көрермен болды:
“Бүгінгі кештен ерекше әсер алдым. Музыканттардың өнеріне сөз жоқ. Бұл шара екі ел достығының айқын көрінісі деп айта аламын”, – деді.

Мәдени шараға Анталия Симфониялық Оркестрінің әйгілі флейташысы Леля Байрамоглуллары Түркиядан арнайы келді. Шетелдік қонақпен бірге Ержан Кушанов, Владислав Островерхов сынды отандық музыканттар өнер көрсетті.

Жәния Әубәкірова, ҚР Халық Әртісі: “ Шетелдік әріптестермен бірігіп кеш беру көптен ойыма алған ісім еді. Анталиялық флейташы Леля ханым шақыруды қабыл алғанда қатты қуандым. Бұл концерттердің соңы емес. Бұйырса, күзде Жамбыл атындағы филормонияда ауқымы үлкен кешіміз өтеді. Бүгінгі құраммен жаңаша туындылар орындайтын боламыз…”
Шарада әлем классикасының маржандарымен қоса, қазақ музыкасында айрықша орынға ие Нұрғиса Тілендиев шығармалары және түрік композиторларының тың туындылары тыңдарманға ұсынылды. Өнерпаздар кеш соңында әлемдік саз жауһарларынан бірігіп бірнеше шығарма орындады.

Леля Байрамоглуллары: “Қазақстанға алғаш келуім. Бірінші рет келсем де, бұл ел мені өз үйім сияқты қарсы алды. Бүгінгі кеш үшін Жәния ханымға рақмет айтамын. Қоржынымдағы шығармалардың әрқайсысының өз тарихы бар. Солардың бірнешеуін ойнап бердім. Тыңдарманға ұнады деген сенімдемін”.

          

Шаттық СӘДУАҚАС.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

«Halyk Инкассация» Ақтауда өзін атып тастаған инкассаторға қатысты пікір білдірді

«Halyk Инкассация« ЖШС өкілдері Ақтауда инкассатордыңөз–өзіне қол жұмсауы туралы бірқатар БАҚ–та жарияланғанақпаратты қалалық полиция басқармасы растағанынхабарлайды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған «HalykИнкассацияда« жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.Осыған байланысты компания тергеу аяқталғанға дейіністің мән-жайына қатысты пікір білдіру мен оны жарияетуден бас тартады. «Halyk Инкассация» ЖШС және Halyk Bank марқұмныңтуыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *