Среда, 28.02.2024

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІН ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында өткен І Халықаралық медиа және туризм форумы шеңберінде шетелдік журналистер Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті.

Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде журналистерді Қазақстан туризмін дамыту жолдары, Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты тиімді қарым-қатынасты нығайту мәселелері қызықтырды. Германиядан келген журналист, “Европа” телеканалының қожайыны Алипаша Акбаш Қазақстан туризмін өз арнасында насихаттауға дайын екенін айтты. Әзірбайжандық журналист Эльчин Маликли өзінің “Бакупост” сайтында Қазақстан үшін арнайы айдар ашатынын жеткізді. Франциядан келген журналист Али Гедикоглу ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдар өткізетін әлемдік көрмелерде Қазақстан туризмін наисхаттауға ұсыныс айтты. Түркияның Мерсин қаласынан келген журналист Хедие Ероглу Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Ақпарат министрі Дархан Қыдырәліні Мерсинге туризм бойынша тәжірибе алмасуға шақырды.

Кезлесу соңында шетелдік журналистер министрмен және әкіммен суретке түсті.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Казахстанцы начнут платить по разным тарифам за воду

В Казахстане вводят дифференцированный тариф на потребление питьевой воды, сообщает министерство водных ресурсов и ирригации. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *