Суббота, 27.07.2024

Түркияда «Қанышнама» кітабының тұсаукесері

Ыстанбұлда белгілі айтыскер «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатайдың «Қанышнама» кітабының тұсау кесері болды. Тұсау кесер Ыстанбұлдың Сапакөй ауданындағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығында өтті. Аталған шараға Түркиядағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы Ержан Уәйіс, Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы басшысының орынбасары Санжар Мулазимоглы, «Өмір жолымдағы соңғы көш» кітабының авторы Абдуррахман Четин, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдіуақап Қара, Мансұр Тайжы, Фазлы Топлы, Әсия Ғайса, Бешір Көсе, Абдулхалим Қарақол, Мұрат Теміс, Қыдыр Жұма, Данияр Иманбек, Руслан Беген және тағы басқада тұлғалар қатысты. «Қанышнама» кітабы поэма негізінде жазылған екен. Кітапта ұлы ғалым Қаныш Сатбаевтың бүкіл өмір жолы мен атқарған қызметтері поэма негізінде суреттелген. Кітап қалтаға салып жүргенге ыңғайлы кішігірім етіп шығарылған. Кітап тұсаукесерінен кейін елден барған айтфскер ақын Дидар Қамиев пен кітап авторы Аспанбек Шұғатаев айтыстан шашу шашты. Түркия жеріндегі қазақтарда айтысты сағынып қалған екен.

Жалпы, тұсаукесер қазақтың бірлігін, қазақтың ата-дәстүрін, рухани мәдениетін Анадолы жерінде бір көтеріп жіберді. Қазақстан мен Түркияның әр саладағы байланыстары арта берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

 

           

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

«ЕРКІН СӨЗ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ және “Халық банкі” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында қаржы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *