Пятница, 2.06.2023

Тартысты өткен жарыс

Дүйсенбі күні спорттық-сауықтыру кешенінде «Даңқ» орденінің толық иегері, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Жақсымбек Үншібаевтың туғанына жүз жыл толуына орай үстел теннисінен жарыс өтті.
Бұл еске алу іс-шарасы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесі Сәтбаев қалалық филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Сайыстың басты мақсаты ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды белсенділікке баулу, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ, ардагерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, бос уақыттарында спортпен шұғылдануларына жағдай жасау болды.
Жарыс басталмас бұрын «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесі Сәтбаев қалалық филиалының басшысы Әбулайс Мулақов іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Национальный фонд – детям!

Подростающее поколение – будущее Нового Казахстана. Очень важно, чтобы они вступали в большую жизнь, зная, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *