Пятница, 26.04.2024

Тамыз кеңесі өтті

26 тамыз күні Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында «Білімнің басты құндылықтары: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында педагогикалық тамыз кеңесі өтті.

Тамыз кеңесі фойедегі педагогикалық көрмемен басталды. Одан әрі педагогикалық конференцияны  Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Толендина  Айгул Космановна құттықтау сөзімен ашты. Сәтбаев қаласының педагогтарын жинаған тамыз кеңесін қалалық білім бөлімінің басшысы Ақышбеков Берік Базылұлы жүргізіп, баяндама жасады. Баяндамада өткен оқу жылындағы табыстар мен биылғы жаңа оқу жылына дайындық сараланды. Педагогикалық кеңестің құрметті қонағы педагогикалық шеберлік орталығының директорының м.а. Абдикаримова Қаламқас Еренгайыповна білім мекемелерінде жүргізілетін жұмыстардың маңызы мен мәніне тоқталды. Сонымен қатар қала мектептерінің директорлары, мәртебелі мұғалімдер қауымы білім беру жүйесіндегі әртүрлі бағыттары туралы баяндама жасап, көпшілікке жаңа жобаларын таныстырды.

Педагогикалық кеңестің екінші бөлігінде марапаттау рәсімі өтті. Ең алдымен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Қазақстан Республикасы  Оқу ағарту министрінің «Еңбек ардагері» медалімен Құлманов Жұмағали — №27 ЖББМ ардагер ұстазы, Суюнжанова Гульбану Каирбековна — С.Сейфуллин ат. гимназияның ардагер ұстазы;

Шарипова Гайни Хафизовна – Б.Момышұлы ат. мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі марапатталды.

Содан кейін білім беру саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің алғыс хатымен ең үздік мұғалімдер марапатталды.

Келесі кезекте Сәтбаев қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен бірқатар мұғалімдер мадақталса, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына» сіңірген еңбегі үшін төс белгісі мен білімі мен білігі артқан ұстаздар қауымы марапатталды.

Педагогикалық кеңес соңы музыкалық концертке ұласты.

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *