Понедельник, 9.12.2024

Саяси реформа: әділдік, ашықтық, жариялылық

Кәсіпкерлер құқығына айрықша мән беріліп отыр

Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Стратегиялық құжат халықаралық стандарттарға, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарына негізделген. Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған.

– Осы орайда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасыме кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге түрлі құжаттарды рәсімдеу кезінде әкімшілік кедергілер мен әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету. Осы орайда, Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңесі тарапынан кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу жолдары қарастырылуда. Бизнес-қауымдастық өкілдерімен жеке қабылдау, кездесулер өтуде. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау, кәсіпкерлікке кедергі келтіргендерді тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша кеңес тұрақты түрде беріледі. Жерді рәсімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, мемлекеттік қолдаулар, соның ішінде несиелер, гранттар мен субсидиялар алу кезінде кедергілер мен тәуекелдер ұшырасқан жағдайда қолдауға әркез дайынбыз, – дейді Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңесінің мүшесі, қайырымдылық және тәлімгерлер клубының төрайымы Меруерт Бақбергенова.

Конституция құқықтық ережелердің маңызды жиынтығы ретінде мемлекет пен жеке тұлға арасын анықтап, экономика аумағындағы қарым-қатынастарды реттейді. Адам өміріндегі экономикалық әлеуметтік, мәдени құқық және бостандық маңызды мағынаға ие болғандықтан олардың конституциялық бекітілуі мен жүзеге асырылуы өзекті мәселелердің қатарында. Сондықтанда кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласу, бизнес өкілдерінің жұмысына кедергі келтіру, мемлекеттің саясатына жасалған кедергі ретінде қабылданады.

Мейрамгүл САЯЖАН

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *