Воскресенье, 8.12.2024

Саяси реформалардың оң ықпалына сеніміміз мол

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік реформалары Қазақстанның көптеген салаларында оң нәтиже берді. Реформалар Қазақстанның шалғай және аз дамыған өңірлерін дамытуға бағытталғаны халыққа әсер етті. Олар өңірлерде инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту, білім беру мен денсаулық сақтаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті шаруашылықты дамытуға жәрдемдесу үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.

Қ.К.Тоқаевтың реформаларының негізгі нәтижелерінің бірі –республиканың орнықты экономикалық дамуы, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту және Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Реформалар қоғамның дамуына, қаржылық-экономикалық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және Қазақстанның халықаралық аренадағы жағдайын нығайтуға ықпал етеді. Бағдарламалық құжаттың көптеген бағыттары білім беру жүйесін жақсарту, жастарға кепілдендірілген жұмыс орындары, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қолдау, мәдениет пен спортты қолдау арқылы адами капиталды дамытуға баса назар аударады. Жалпы, бұл елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»атты Қазақстан халқына Жолдауында:«Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек. Алдымызға қойған биік мақсатқа жету оңай болмайды. Бірақ бүкіл ел болып кіріссек, бұл – қолдан келетін шаруа. Халық, бизнес және билік өкілдері бар күш-жігерін жұмылдыруы керек. Сонда ғана мемлекетіміздің қазіргі даму үлгісін түбегейлі өзгерте аламыз, кедергінің бәрін жеңеміз»,-деді.

Көреген басшы осындай тәлім мен өнеге айтқанда, жас буын қусырып тұруы жараспас. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса – ел болғаның қайсы?!». Сондықтан, осы Жолдау арқылы біз де қарап қалмай, әрекет етіп, болашағымыздың іргесін бірге қалауға атсалысамыз.

Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады деп жастарға үлкен сенім артты.

Жастар – келешектің негізі ретінде жеке білімділігімен, жасампаз еңбегімен, күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Олар дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі абыройы биік мемлекет –Жаңа Қазақстанның қалыптасуын белсенді түрде жалғастырушы буын болуы тиіс.

Стратегиялық бағытымызды айқындаған құзырлы құжат қалыптасқан мемлекеттің тағдыршешті моделін айқындайтын Жолдаудың өн бойынан елдік бірлігіміздің қасиетті мұраттары қол бұлғайды, келер күндер кемелдігіне құлшындырады.

Арман кілті өз қолымызда. Мемлекет басшысы оны іске қосудың тетігі «бабалар ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастықпенбайланыстыруы»,-деді. Міне, осы мақсат-мүдделерді жүзеге асыру Сізбен біздің қолымызда!

Әлия Жылқыбайқызы,

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанындағы «AMANAT» партиясы

Ұлытау облысы филиалының Жезқазған өкілдігі бойынша өкілі,

Ұлытау облысы әкімінің жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес мүшесі.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *