Пятница, 23.02.2024

Сауатты реформа – саяси жаңғырудың кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары арқылы қоғамда қордаланған мәселелерді жүйелі түрде шешіп келе жатқанын елімізде іске асқан жобалардан көре аламыз. Халқымыздың өмірін жақсартуға бағытталған 2025 жылға дейін ауыз сумен қамту мәселесі біздің облысымыз, әсіресе Жезқазған қаласының тұрғындары үшін аса маңызды. Су сапасы жақсарса, адамның денсаулығы жақсаратыны бәріне мәлім. Өндірісті өңірлердің экологиялық хал-ахуалына назар аударылатыны көңіл қуантады.

Әсіресе, тарихи-мәдени мұраны қорғау және зерттеу, туризм обьектілеріне орасан зор көңіл бөлу сынды тапсырмалары ел мәдениетіне жасалған қамқорлық деп білемін. Қ.К.Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін пайдалану қажет, ол үшін туризм серпінді жобалар қатарында болуы керек деп айрықша тоқталды. Отандық туризмді дамытуға басымдық берілді. Өзіміздің киелі Ұлытау облысының туризмін дамыту музейлер, қорық-музейлер, турфирмалар және жергілікті әкімшіліктің ынтымақтастықта жұмыс жасауы арқылы жүзеге асырылады. Атадан мирас болып қалған асыл мұраларымыз, тарихи ескерткіштерімізді көздің қарашығындай сақтап, мәдениетімізді әлемнің өзге халықтарына паш ету арқылы біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз бен рухани қазынамызды болашақ ұрпаққа сол қалпында жеткізе аламыз.

Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлемнің көптеген халықтары мен мемлекеттерінің негізгі даму басымдықтарының қатарына жатады. Мәдениеттің даму деңгейі, жалпыұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтап қалуын, сапалы мәдени құндылықтардың жасалуын, таратылуы мен қолданылуын қамтамасыз етеді.  Өнердің, музейтанудың, және мәдениеттанудың барлық салаларында ғылымды дамыту жеке назар аударуды талап етеді.

Балалар – біздің болашағымыз, осы ретте «Ұлттық қор балаларға» жобасы аясында келешек ұрпақтың болашағына инвестиция салу қолға алынды.  Саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру үшін бар жағдай жасалған. Ұстаздықтың жолын таңдаған әр адамның бойында білімді жетілдіру, іздену, тынымсыз еңбек ету мақсаты тұру керек. Әр адам елім үшін, жерім үшін деп адал қызмет етуді алға қойса, мемлекетіміз дамиды.

Негізгі бағдарламалық құжатта Президентіміз еліміздің өзекті мәселелері мен олардың шешу жолдары туралы айтты. Әр қазақстандық өз мойнына жүктелген міндеттерді дұрыс, адал орындауы арқылы қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосады.

Еліміздің гүлденіп, мемлекетіміздің қуаты артып, халқымыздың денсаулығы мықты болып, бақытты өмір сүргенін көргіміз келеді. Бұл бүкіл қазақ елінің арманы емес пе? Президент реформалары дамудың айқын бағыттары, сондықтан отандастарымыз осы реформалардың жүзеге асуы үшін жұмыстар атқарып, елмен бірге өркендесе деймін.

 

Ғалым Мұхамедин,

 профессор, ұстаз, ҚР еңбек сіңірген әртісі,

«Құрмет» орденінің иегері, 

ҚР Құрметті азаматы.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жолдау – ел ертеңінің бағдары

Президентіміздің айтылған Жолдауында, дамудың бағыт-бағдарын анықтап ашып айтып отыр. Айтылды, істелді. Осы бағытпен келе жатқан …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *