Воскресенье, 21.07.2024

Романтикалық мереке – Валентин күнін Стамбұлда тойлаңыз

14 ақпандағы Валентин күнін әлемнің ең романтикалық мекендерінің бірі – Түркияда өткізіңіз.
Космополиттік қаладағы романтикалық кездесуді ұсынамыз. Стамбұл – туристерді таң қалдыратын пейзаждары, шағалалар толқындармен жарысқан теңіз, тарихи көне ескерткіштер мен жәдігерлер, ескі және заманауи мәдени-рухани құндылықтар сақталған қала. Айя София мен Сұлтанахмет мешіті, Османлы империясының сұлтандары салтанат құрған Топкапы сарайы, жер астындағы Базилик су қоймасы, Гүлхане, Археологиялық музей… жан сарайыңды ашып, ләззат сыйлайтын жерлерге барыңыз. Бірнеше империяның астанасы болған Стамбұлдың тар көшелерінде мыңжылдықтардың тарихы жатыр. Сіз сүйіктіңізбен қол ұстасып, осы көшелерде адасып кетсеңіз, сұлу шаһардың әсемдігін сезінесіз.
Стамбұлдың тағы бір керемет мекені – Капалы чаршы («Үлкен базар»). Мыңдаған шағын дүкендерде сатылмайтын нәрсе жоқ. Кез келген керегін табады әрі тарихи ғимараттың қабырғасында талай тағдырдың табы бар. Валентин күнінде қолөнершілер жасаған бұйымдар мен кәдесыйларды сатып алуыңызға болады.

Түріктердің ескі астанасына сән берген «Галатапорт Стамбул» дәмді тағамдары бір бірінен өтетін мейрамхана, шағын кафе, сәнді дүкендер, заманауи өнер көрмелеріне мен ойын-сауық ұсынады. Атақты сәулетші Рензо Пиано жобалаған керемет ғимаратта орналасқан қаланың алғашқы заманауи мұражайы «Стамбул Модерн» бар.

Дәл осы мерекеде Мәрмәр теңізі мен Босфор бұғазына апаратын қайық турлары бар екенін естеріңізге саламыз. Жағалаудағы Эминөнү, Бешикташ және Үскүдар мен басқаларды қамтитын тур қаланы басқаша қырынан танытуға сеп.

Сондай-ақ, «Gastrocity İstanbul»-да сіз «Мишлин» жұлдызды мейрамханаларда түрік және халықаралық асханалардың ең үздіктерінің дәмін тата аласыз.

www.goturkey.com

ttjk.info

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

«Halyk Инкассация» Ақтауда өзін атып тастаған инкассаторға қатысты пікір білдірді

«Halyk Инкассация« ЖШС өкілдері Ақтауда инкассатордыңөз–өзіне қол жұмсауы туралы бірқатар БАҚ–та жарияланғанақпаратты қалалық полиция басқармасы растағанынхабарлайды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған «HalykИнкассацияда« жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.Осыған байланысты компания тергеу аяқталғанға дейіністің мән-жайына қатысты пікір білдіру мен оны жарияетуден бас тартады. «Halyk Инкассация» ЖШС және Halyk Bank марқұмныңтуыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *