Четверг, 3.10.2024

Президент реформасы – тұрақтылық пен тәуелсіздігіміздің кепілі

Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі мен əл-ауқатын жақсарту жəне дұрыс басқарушы таңдау, еңбекке адалдық пен əділдік принциптерін сақтау, экономикалық бағдарды айқындау бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ саяси реформасы қоғамның алға жылжуына көп өзгерістер əкелуде. Реформалар өз кезегінде жүйелі əрі кешенді түрде іске асып келеді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен халық арасындағы қатынастың жақсаруы, ықпалды Парламент пен есеп беретін Үкіметтің бағытына басымдық беріле бастағанының айғағы.

Үш жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында маңызы бар қалалар мен ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкімдерін жергілікті тұрғындар өздері тікелей сайлау мəселесін көтергені белгілі. Аталған мəселе қоғам тарапынан жан-жақты талқылана келе үлкен қолдауға ие болып, ең алғашқы кезеңде 836 ауылдық округ əкімі халықтың дауыс беруі арқылы сайланды. Елдің сенімін серік етіп, аманатын арқалау жаңа əкімдерге жауапкершілік жүгін ауырлатуға əсер етті. Халық өзі сайлаған лауазым иесінен ауыл игілігін жақсарту үшін кез-келген мəселесін шешуді талап етіп, жұмыс істеу көрсеткіші көңілден шықпаса қайта бас тарту құқығына ие болды. Кандидаттар арасынан ауыл өмірін жақсарту үшін табанды еңбек ете алатын, басқарушылық қабілеті бар азаматтарды таңдау үшін халықтың өзі белсенділік танытты.
Ақтас кентіне келсек, аталған кентке Ақтас пен Пионер елді мекені қарайды. Əкімдік қызметке кіріскен сəтте алға қойған жоспарлардың ең негізгісі үш мəселе болатын. Олар — жол, ауыз су жəне елді мекен атауын қазақшалау еді. Аудан орталығынан шалғайда жатқан ауылдың қала тұрмақ екі ауыл арасындағы қатынасы қиындық туғызып, көктем мен күздегі жауын-шашында, қыстың борандарында жолаушыларды əбігерге салып келді. Бұл мəселені шешу үшін арнайы жоба əзірленіп, 2022-2024 жылдарға жоспарланды. Қазіргі таңда 5-19 шақырым жолды жөндеу жəне суағарлар салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Ауыз су мəселесі де шешімін тауып келеді.
Алдағы уақытта Оңтүстік өңірлерінен отбасыларды шақырып, қоныстандыру, мамандар тарту мəселесі де қолға алынуда.

Дулат СҮЛЕЙМЕНОВ,
Ақтас кентінің əкімі.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *