Воскресенье, 8.12.2024

Парасаттылық  пен әділдік үлгісі                        

Қала әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Берік Ахметов мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесті.

– Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Президент Жолдауында қойылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізетін департамент Ұлытау облысында осы бағыттағы жұмысын жалғастыруда. Мемлкеттік қызмет қоғамда үлкен орын алады. Еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына тікелей ықпал етеді, – деген қала басшысы Асқар Ыдырысов сөз кезегін Б.Ахметовке берді.

– Мемлекеттік қызмет атқарудың маңыздылығын, жауапкершілігін терең түсінуіміз керек. Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог» деп атап өтті. Халық үніне құлақ асатын мемлекет өз кезегінде азаматтардың өтінішіне жедел және тиімді әрекет ету, халықпен қарым-қатынаста ашықтық пен әділдікті ту етуге, «бір терезе» қағидатын ұстануға бағытталуы тиіс. Өйткені, кейбір көңілге қонымсыз мәселелер көбінесе азаматтар мен биліктегілердің арасында кері байланыстың болмауынан туындайды. Бүгінгі күнгі мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары ашықтық, нәтижелілік, парасаттылық болуы тиіс, – деген Б.Ахметов Әдеп Кодексін басшылыққа алуға, мемлекеттік қызметшінің беделін, мәртебесін түсірмеуді үнемі назарда ұстауға шақырды.

Мейрамгүл САЯЖАН. Суреттер автордікі.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *