Пятница, 11.10.2024

Облыс прокуратурасы хабарлайды

Облыс прокуратурасы жыл басынан өңірде 20 тұрғын алаяқтықтардың құрбаны болғанын және қылмыстан келген шығын 54 млн. теңгеден асқанын хабарлайды.

Алаяқтар болжамды ұялы байланыс операторлары атынан қоңырау шалып, көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қойып, кейін SMS-кодын сұрайтын жағдайлар жиілеп кетті. Артынша, аз уақыттан кейін басқа қылмыскерлер телефон соғып, өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырып, онлайн-несие рәсімдейді.
Мысалы, а.ж. 16 қаңтары Жезқазған қаласының тұрғынына жалған «Beeline» ұялы байланыс операторы қоңырау шалып, ол оған SMS- кодын хабарлады, 7 минуттан кейін «Ұлттық банктің» қызметкері ретінде телефон соғып, оның шоттарына алаяқтардың шабуыл жасағанын айтып, олардың алдын алу үшін телефонына бірнеше бағдарлама орнату керектігін айтқан.
Қылмыскерлердің нұсқауына сеніп және оны орындаған қала тұрғыны 9,5 млн. теңгеге астам алданған.
Құрметті облыс тұрғындары, сақ болыңыздар, өздеріңізді алаяқтардан қорғаңыздар, жеке ақпаратты, төлем картасының нөмірлерін, кодтар мен құпия сөздерді бермеңіздер, тексерілмеген қосымшаларды орнатпаңыздар.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *