Пятница, 27.01.2023

Көркем де кестелі өрнегімен тартымды

Өмірі өлеңмен өріліп, мұңы мен ішкі шерін, жүректегі нәзік сезімін сол өлең жолдарына сыйғызған жергілікті ақын Жақсылық Омаровтың кезекті жыр кітабы жарық көрді.
«Жүрегімдегі жақұттар» деп аталған жыр жинағына кейінгі уақытта жазылған өлеңдері топтастырылған. Сөз өнерінің құдіретін түсініп, поэзиямен бірге өмір сүріп келе жатқан ақынның есімі өңіріміздегі жыр сүйер қауымға кеңінен таныс. Ақынның көркем сөзбен кестеленген жырлары әр алуан тақырыптарды қамти отырып, оқырманды өзіне баурап алады. Оның өлеңдері бұған дейін де бірнеше топтама жыр кітаптарына енген. Кітап авторының айтуынша, бұл жинақ әкесі Адамбек Омарұлының және анасы Хатша Жақыпқызының туғанына 100 жыл толуына, қос анасы Тұрсынкүл Жақыпқызы мен Күлпаш Нұрғалиқызының рухына арналыпты. «Жүрегімді тыңдаймын», «Әкемнің атын айтып мақтанамын», «Әкемді іздеймін» деген өлең жолдыранын басталған өлеңдерден әкеге деген ыстық ықыласты, мәңгілік сағынышты байқауға болады. Жинақ Шымкент қаласындағы «Нұрлы бейне» баспасында басылып шыққан. 120 беттен тұрады.Таралымы 200 дана. Ақын Жақсылық Омаровтың бұған дейін «Жүрекжарды», «Аманатқа адалдық», «Талтүс» жыр кітаптары жарық көрген. Кеншілік пен ақындықты қатар алып жүрудің оңайға соқпайтындығына қарамастан оның ел, Отан, өмір турасындағы өлең-жырлары көркем де кестелі өрнегімен тартымды.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

«Сері далам – сал далам»

Әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамединнің 70 жылдық меретойына ұйымдастырылған  концерттік бағдарлама Сәтбаев …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *