Понедельник, 9.12.2024

Комиссия отырысы өтті

2024 жылғы 19 маусымда Ұлытау облыстық Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары – Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің төрағалығымен Ұлытау облыстық Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері, Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкерлері, Ұлытау  облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, отбасылар мен балаларды қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсету және фертильді жастағы әйелдермен (әсіресе ауылдық өңірлердегі) акушерлік-гинекологиялық қызметтің өзекті мәселелері, сондай-ақ жастар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу сұрақтары талқыланды.

«Отбасындағы ең бағалы дәстүр-дағдыларды өскелең ұрпаққа ұғындырып, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау аясында  «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының маңызы зор», — деп атап өтті Ләззат Сүлеймен.

Оның айтуынша, аталған конкурсқа 2023 жылы ұсынылған 30 өтінім 221,0 мың халқы бар Ұлытау облысы үшін аз көрсеткіш. Сондықтан конкурсқа қатысатын отбасылардың санын арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет.

Сонымен қатар, Ләззат Сүлеймен облыста Отбасын қолдау орталықтарын ашу бойынша жұмысты жеделдету қажет екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары биылғы жылға арналған бірқатар негізгі басымдықтар отбасылық және рухани құндылықтарды нығайту, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту,  бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру жөніндегі міндеттерді атады.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *