Воскресенье, 8.12.2024

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қостанайдағы орман өртінен зардап шеккендерге қажетті азық-түлік пен тұрмыстық заттар тиелген жүк көлігі Ұлытау обылысынан да аттанды.

Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға гуманитарлық қолдау Сәтбаев қаласында да жиналды. «Қайғыны бөліссе, азаяды» демекші қиын-қыстау жағдайға душар болған отандастарымызға көмек қолын созған жандар аз болған жоқ. Тіпті қарапайым тұрғындар да жарнамалар арқылы шаһарда көмек қолы жиналып жатыр дегенді естіп, арнайы пунктке шама-шарықтарынша көмек берді. Достық үйіне жиналған азық-түлікті, қажетті тұрмыстық затт арды тиеп алған автобус одан әрі облыс орталығына бет алды. Асарға жергілікті билік органдары, «Amanat» партиясы, Ұлытау облысының қалалары мен барлық аудандардағы кәсіпкерлер, қарапайым халық атсалысты. Сәтбаев қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Дастан Төрегелдиннің айтуынша 28 млн теңге көлеміндегі 21 тоннадан астам көмекті жанашыр ұлытаулық азаматтар жүк көлігімен Қостанайға жеткізбек.

 

https://www.facebook.com/100006392923957/videos/522601799674801/

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *