Воскресенье, 8.12.2024

Жүрдек пойыз жолға шықты

Жолаушылар үшін жайлы сапарды қамтамасыз ету мақсатында облысымызда «Алматы-Жезқазған», «Жезқазған-Алматы» бағыты бойынша алғашқы тaльго вагондарынан құрылған жолаушылар пойызы іске қосылды.
Алматыдан Жезқазғанға бет алған пойызды қарсы алған Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары Аман Барикенов аймақ тұрғындарын көптен күткен қуанышпен құттықтады. «Туристік салада Ұлытау облысы үлкен әлеуетке ие. Бұған «Жезқазған-Алматы» бағытының ашылуы дәлел. Әуе рейстерінің санын көбейтіп жатырмыз. Осының барлығы туристердің облысымызға емін-еркін келіп-кетуіне жағдай жасайды», – деді ол.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының сөзінше, вагондарда барлық жағдай жасалған. Жүрдек пойыз 22 вагоннан тұрады. Билет бағасы 9500 теңгеден басталады. 15 мың теңгеге люкстен орын алуға болады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арнайы жабдықталған купе бар. Мүгедектікті растайтын куәлікпен билет 90 пайыздық жеңілдікпен сатылады. Маршруттың қашықтығы — 1400 шақырымға жуық, жүру уақыты — 19 сағат 28 минутты құрайды. Пойызда 18 туристік класты, 2 бизнес класты, 1 гранд сыныбының вагоны және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 1 вагон бар. Тамақтану үшін арнайы мейрамхана да қарастырылған. Барлық вагон ауа баптау жүйесімен, розеткалармен және биодәретханалармен жабдықталған. Жол жүру барысында мультимедиялық ресурстарды ішкі сымсыз желі арқылы пайдалануға болады. Яғни, жолаушылар жеке құрылғыларының көмегімен серверде алдын ала орналастырылған ойын-сауық бағдарламаларын, фильмдер мен мультфильмдерді көре алады.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *