Воскресенье, 8.12.2024

Жолдау – жарқын күндер жоспары

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВТЫҢ 1 қыркүйек 2023 жылғы «Əділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, елімізді саяси экономикалық жəне əлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды реформалар жоспарын ұсынды, бірқатар маңызды міндеттер қойды, бірқатар бастамалар көтерді.

Бұл Жолдау еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді.Ерекше эмоцияға бөлейтін, ұлттық рухты оятатын, үлкен өзгерістерге бастайтын, жаңа серпін жəне жаңа екпін беретін бұл Жолдауды тарихи Жолдау деп айтуға болады. Жолдауда саяси мəселелер, əлеуметтікэкономикалық жағдайлар, ел өңірлерін дамыту секілді мəселелер көтерілді. Соның ішінде маған ұнағаныбес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін еңгізгені, мемлекет тарапынан бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы жəне инвестициялық табыстан қарастырылып, осы жинақ пен «Ұлттық қор -балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік туғызды. Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мəнге ие болды.Жолдау – стратегиялық құжат. Ондағы міндеттерді жүзеге асыру мемлекетіміздің көкжиегін кеңейтеді, болашағын нұрлы етеді. Ел дамуы үшін жасалынып жатқан нақты жұмыстар бүгінде жұртшылықтың көңіліне шығуда.Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, мен бұл Жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын.

Сандуғаш ДҮЙСЕНБАЕВА,
Ұлытау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің əдістемелік бөлімінің меңгерушісі.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *