Вторник, 28.05.2024

Жолдау- болашаққа бағдар беретін маңызды құ­жат

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылдың 1- ші қыркүйегінде «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қөғам» атты халыққа кезекті Жолдауын жасаған болатын.

Жолдауда белгіленген жаңа мақсаттар азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешуге бағытталғаны қуантады. Жаңа бағдарламалық құжаттың осылай аталуы кездейсоқ емес, басты назар елдегі тұрақты экономикалық өсімге бағытталған. Осы мақсатта орта бизнесті дамыту, берік индустриялық негіз құру, экспортты ынталандыру, макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу және т.б. міндеттер дәйекті түрде шешілетін болады.

Бұл әрқайсымыз үшін маңызды. Сонымен қатар, көптеген прогрессивті міндеттер бар, олар ең алдымен, су және энергия үнемдейтін технологиялар саласында және жаңартылатын энергия жобаларын жүзеге асыруда. Біз болашағымызға батылдықпен қараймыз, ысырапшылдыққа, табиғи ресурстарды ұқыпсыз тұтынуға орын жоқ, оны балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз үшін сақтауымыз керек. Мемлекет басшысының Жолдауының кейбір тұстарына ғана қысқаша тоқталып, ең бастысы, мемлекет басшысы атап өткендей: «Бізде болашақтың айқын бейнесі бар: біз Әділ Қазақстан — тең мүмкіндіктер және прогресстер елін құрып жатырмыз».

Менің ойымша, бұл Жолдаудың негізгі идеяларының бірі — Қазақстанды дамытудың нақты векторлары бар құжат.

А. Колобаева, би ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Әдемі өлеңдері әсерлі әуенмен әдіптелген

Жезқазғанда жақсы өлеңді жан азығы еткен, ақынын алақанына салып аялап, әспеттеген ақжүрек ағайынға арналған ақын, Қазақстан …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *