Воскресенье, 8.12.2024

Жолдау — болашақтың жаршысы

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында еліміз үшін маңызды, өзекті мәселелерді қозғап, оның орындалысы мен шешу жолдары жайлы айтқан болатын.
Үкіметке берілген тапсырмалар, жоспарланған бағыттар халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ұрпақ болашағына, білім, медицина, ауылдарды көтеру және басқа да бағыттарға бастау алады.
Медицина саласын алатын болсақ, облысымызда жаңа жедел жәрдем көліктері беріліп жатыр, ауданымызда жаңа жөндеуден өткен, заманауи медициналық жабдықталған емхана іске қосылды, біраз ауылдарға жаңадан ФАП салынып, жоспарда біздің ауылға да МП салынбақшы, ауданнан медициналық жылжымалы кешен ауылдарды аралап халыққа қызмет көрсетуде, осының бәрі халық игілігі үшін орындалып жатқан бағыттардың бірі.
Президент әрбір Жолдауында адам денсаулығы мен медицинаға аса назар аударады.
Жолдау — болашақтың жаршысы, алда тұрған бағыттар іске асып, жалғасын табады деген сенімдемін.

Анар АЛЬМУСИНА,
МП меңгерушісі, Айнабұлақ ауылы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *