Суббота, 13.07.2024

Жолдауға-қолдау. Әл-ауқатты арттыруды көздейтін құжат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды, азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруді және  халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін маңызды құжат. Онда Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының басым бағыттары айқындалған. Жаңа экономикалық саясаттың негізгі мәні – ұлттық байлықтың игілігін барлық азаматтар көре алатындай әділетті экономикалық жүйе құру. Әрбір Жолдау – тарихи құжат. Ертеңгі бағытын, жүретін жолын, өсу жолындағы мұратын анық білген елдердің қандай жеңістерге жеткенін тарих арқылы білеміз.
Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ерекше екпін берді. Қ.Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына сын айтты. Жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерді. Ауыл әкімдерін сайлау арқылы анықтайтын кездің де келіп жеткенін айтты.
Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз.
Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.

Жалғасбек ЖӘНІБЕКҰЛЫ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

«Halyk Инкассация» Ақтауда өзін атып тастаған инкассаторға қатысты пікір білдірді

«Halyk Инкассация« ЖШС өкілдері Ақтауда инкассатордыңөз–өзіне қол жұмсауы туралы бірқатар БАҚ–та жарияланғанақпаратты қалалық полиция басқармасы растағанынхабарлайды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған «HalykИнкассацияда« жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.Осыған байланысты компания тергеу аяқталғанға дейіністің мән-жайына қатысты пікір білдіру мен оны жарияетуден бас тартады. «Halyk Инкассация» ЖШС және Halyk Bank марқұмныңтуыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *