Воскресенье, 24.11.2024

Жолдауға — қолдау. Жолдау — оң өзгерістердің бастауы

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жолдаған болатын. Жұртшылық жыл сайынғы Жолдаудан болашаққа бағдар болар, еліміздің дамуына серпін берер өзгерістерді күтеді. Әрине, Жолдауда айтылған бағыттардың ішінен әркім өзін толғантатын мәселелерге жауап іздейді. Халықтың көкейінде жүрген мәселелер көтеріліп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Бұл Жолдауда негізінен әлеуметтік, сонымен қатар экономикалық мәселелерді шешуді алға қойғандығы мәлім.
Сөзіміз бен ісіміз бір жерден шыққанда ғана, әрқайсымыз мойнымыздағы жауапкершілікті ұққанда ғана алдымызға қойған мақсат орындалады, еліміздің дамуына үлесімізді қоса аламыз.
Жолдаудың қойған міндеттері өте зор. Осы орайда Әділетті Қазақстан құру жолында ең алдымен өркениеті дамыған қоғам құру маңызды екендігін ескергендігіміз жөн деп есептеймін.

Алтыншаш ЖҰМАДІЛДИНА,
Байдалы би ауылдық округінің мейірбикесі

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *