Воскресенье, 24.11.2024

Жемқорлыққа жол бермеу – ардың ісі

Мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген. Бұл факт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департамент басшысы Ернар Баянғазиннің аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен болған кездесуде айтылды.

Орайы келгенде айта кетейік, аптаның басында департамент басшысы Ернар Баянғазин Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары» деген тақырыпта өңірлік брифинг өткізді.

Департамент басшысының брифингтегі баяндаған деректеріне сүйенсек, ағымдағы жылы «Бизнеске Жол» атты кәсіпкерлерге көмек көрсету жобасы іске қосылған. Оның мақсаты – бизнестің парасатты өкілдерінің жолында кездесетін әкімшілік кедергілерді анықтау және жою. Жоба аясында 15 кейс бойынша 50-ден аса кәсіпкердің құқықтары қорғалып, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, облыс кәсіпкерлерімен 5 кеңес, 25 кездесу және дөңгелек үстел өткізілген.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде жер учаскелерін бөлу саласында жеке кәсіпкердің құқықтарын қорғау да қамтамасыз етілді. Яғни, уәкілетті орган тарапынан кәсіпкерге «басты жоспарға сәйкес келмеуі» бойынша жер учаскесін беруден бас тартылған. Департаменттің араласуынан кейін уәкілетті орган субъектіге талап етілетін жер учаскесін беру туралы заңға сәйкес оң шешім қабылдады.

Департамент тарапынан диплом блан­кілерінің және басқа да білім беру сертификаттарының заңсыз айналымы мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу барысында Жаңаарқа ауданының 4 мектебінің, Қаражал қаласының 1 мектебінің және Жезқазған қаласының 2 балабақшасы педагогтерінің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің дипломдарын заңсыз сатып алуы мен пайдалану фактісі анықталған. Іс құжаттары ішкі істер органдарына тергеуге жолданып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылдады.

– Жалпы, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Алдын алу жұмыстарына және өңірлік проблематиканы шешуге көбірек көңіл бөлінуде. Бұл үдерістерге жұртшылықты, кәсіпкерлік субъектілерін және үкіметтік емес ұйымдарды тарту белсенді жүргізілуде. Департамент өз тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде ынтымақтастық пен диалогқа әрдайым ашық және халықтан кері байланыс күтеді, – деді департамент басшысы Ернар Баянғазин кездесуді қорытындылай келе.

Брифингтің соңында спикерге тақырып бойынша сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар қайтарылды.

 Ізбасар ОЙБАС.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *