Суббота, 13.07.2024

Жаңалық жаршылары

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алатын орны қашанда ерекше. Қаламын қару еткен журналистер – жаңалықтың жаршысы, билік пен бұқара арасындағы алтын көпір. Бүгін жылдағы дәстүрмен халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабар тарататын тілшілер қауымы кәсіби мерекесін атап өтуде. Сөз өнерін қасиет тұтып, абырой биігінен көрініп жүрген Сәтбаев қаласының журналистері құрмет төрінен көрінді. Қала әкімінің міндетін атқарушы Алмат Саухимов БАҚ саласының қадірменді ардагерлерін марапаттады. Олардың қатарында ҚР Журналистер одағының мүшесі Ізтай Бейсембаев, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ұлытау облысы бойынша меншікті тілшісі Абдолла Дастанов, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, ҚР Еңбек ардагері Майра Жаппасбаева, журналистика саласының ардагері Маргарита Гринь, «Шарайна» газетінде көп жыл қызмет атқарған корректор Рашида Орынбаева мен машинист Сәуле Оспанова, «Мысты өңір» газетінің тілшісі Әлібек Әбдіраш болды.
Одан әрі жоғары жауапкершілік және кәсіпқойлықпен ерекшеленіп, айрықша танылған қаламыздың үш баспасөз ұжымы арнайы марапаттарға ие болды. Олар – «Шаңырақ» номинациясының иегері Сәтбаев қалалық «Шарайна» газеті, «Күміс қалам» – «Аймақ ақшамы» газеті, «Үздік ұжым» – «Aqsham» телеарнасының ұжымы.
Қаламызда қаламын қару етіп, бұқараның базынасын билікке жеткізіп, қырағылығымен халыққа, орамды ойларымен оқырманға ой тастап жүрген кәсіби мамандар аз емес. Солардың біразы қатарластарынан оқ бойы озық шығып, өз саласы бойынша үздік атанып отыр. Сәтбаев қаласы әкімдігінің арнайы номинациясын ұлт мүддесін бәрінен биік қоятын, жасампаздық пен жақсылықтың жаршысы бола білген бірқатар журналистерге қалалық мәслихаттың төрағасы Қайрат Балмағамбетов тапсырды. «Шарайна» газетінің дизайнері «Үздік дизайнер» атағын иеленсе, осы газеттің корреспонденті Марал Шахаева «Баспасөздің үздік тілшісі», ал, жауапты хатшысы Мейрамгүл Алпысбаева «Үздік БАҚ қызметкері» атанды. Сонымен қатар, «Aqsham» телеарнасының қызметкерлері Құрмет Қожахметов, Құндызай Кәрімова, Алтынгүл Төлегенова сәйкесінше «Үздік оператор», «Үздік монтажер», «Үздік редактор» номинацияларына ие болды.
Салтанатты жиын барысында Қазақстан журналистер одағы Ұлытау облысы филиалының төрағасы, Ұлытау ауданы мәслихатының төрағасы Ахат Құрмансейітұлы да БАҚ қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, игі тілегін жеткізіп, бір топ қызметкерге қала әкімдігінің арнайы Алғыс хатын табыстады.
                                 
           
Мейрамгүл Саяжанқызы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Депутаты Сената в Сатпаеве

Депутаты Сената Парламента РК Серик Шайдаров, Советбек Медебаев и депутат Мажилиса Парламента РК Аманжол Алтаев …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *