Воскресенье, 8.12.2024

Жарқын болашаққа – нық сенім

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында халықтың əл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында экономиканың тұрақтылығын арттыруға бағытталған жаңа жоспарды əзірлеу қажеттігі басымдық ретінде берілген. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз қадамымызды саралап, таңдаған жолымызбен алға сенімді қадам басамыз».

Біз жаңа Қазақстанда «Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануға тиіспіз. Бір-бірімізді жат көрмей, жақын тартып, қоғамда нақты өзгерістерге сенімді орнықтырамыз. Жұртымыздың күш-жігеріне, дарыны мен еңбекқорлығына сүйенеміз. Əр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Біз осылайша ғана халқымыздың жасампаздық əлеуетін арттыра аламыз. Осылай ғана өмірдің барлық саласын өзгертіп, реформалар дəуірін өз қолымызбен жасаймыз. Біз кез келген сын-қатерді бірге еңсеріп, Қазақстанымыздың қуатын бірге арттырамыз деп сенемін» — деді. Жолдауда жарияланған реформалардың жүзеге асуы қоғамның бірлесуі мен тұтастығына байланысты.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында қоғамдағы түйткілді мəселелерді айта отыра, оны шешудің айрықша жолын көрсетті. Мемлекеттің байлығы ол — адам. Ал адам, толыққанды өмір сүру үшін əрқашанда қолайлы орта қажет. Қолайлы ортаны құруда халыққа барынша жағдай жасау маңызды. Инновацияның жетіспеушілігінен Ұлттық табысты барлық халық көре алмайтындығын айтып, инновацияның дамуына баса назар аудару керектігін ескерді. Мемлекет басшысы Жолдауда алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап берді. Енді мемлекетімізді жəне қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз. Алдағы уақытта реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек.
Біздін болашағымыз – біздің қолымызда, ал күшіміз – жастардың білімінде!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының жүгі – баршамыздан «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» іске кірісуді талап етеді. Сондықтан да, бүкіл ел болып Мемлекет басшысының маңайына топтасып, ел игілігі жолындағы берілген тапсырмаларды бірге жүзеге асырайық! Біз – бойымыздағы бар күш-жігерімізді Жолдау тапсырмаларын жүзеге асыруға, бағыттауға дайынбыз!

Айнұр ƏБІЛХАЙЫРОВА,
«Ұлытау ауданының Мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің бас маманы.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *