Воскресенье, 8.12.2024

Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті

Ұлттық статистика бюросының жаңарған деректеріне қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 7287 адам келсе, елден 12 344 адам кеткен. Осылайша, көші-қон сальдосы 5057 адамды құрады.

«Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,5%-ды, көшіп кеткендердің үлесі-жалпы көшіп-қонушылар санының 83%-ын құрады», делінген бюро ақпаратында.

Сондай-ақ, ел ішінде көшіп-қонушылар саны 1,4%-ға азайғанын айта кету керек.

Өңіраралық ауысулар бойынша халық көші-қонының оң сальдосы елдің үш өңірінде қалыптасты: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1883 адам) қалалары.

Ұлттық статистика бюросының жаңарған деректеріне қарағанда, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ел халқының саны 19 млн 246 мың 300 адамды құрады, оның ішінде қалалық – 11 млн 479,6 мың (59,6%), ауылдық – 7 млн 766,7 мың (40,4%) адам.

novoetv.kz

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *