Вторник, 27.02.2024

Ел әлеуетін көтеруге жаңа бағыт береді

Президентіміздің жыл сайынғы жолдауы ұран сөз емес, нақты осал тұстарды оңалтуға бағытталып, дамудың бағыт-бағдарын анықтап отыр. Айтылды,істелді. Осы қағидамен келе жатқан Қасым-Жомарт Кемелұлы өз бастамаларының басым бөлігін жүзеге асырды. «Ұлттық қор балаларға» жобасына басында күдіктене қарағандар көп болған, қалай болады екен, қалайша іске асады екен деген сұрақтар елді елеңдетіп қойғаны да жасырын емес. Енді міне көптің көңіліндегі күман сейіліп, ақпанда бірін-біріне сүйінші сұрай хабарласқан ағайынның қуанышы, алғысы мен ризашылығы барлық жерде айтылып жатыр. Демек, халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін бастамалар экономиканың жаңа үлгісіне өту барысында да тоқтамай жалғасын тауып, тікелей Президенттің бақылауында болады деген сөз. Жолдауда еліміздің жеткен жетістіктері мен халықтың жағдайын жақсарту қағазда емес шын мәнісінде жүзеге асу керек, қазіргі таңда экономикалық зор серліпіс жасауға мүмкіндік бар, тек батыр жұмыс жасап, батыл шешімдер қабылдау керек деген сөздер айтылды. Бұл ұсыныс емес нақты ұстаным екеніне күні кеше тағы көзіміз жетті. Президентіміз үкіметті таратты. Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары атты жолдаудағы барлық міндеттерді атқаруға үш жыл берілді. Үкіметтің жаңа құрамы жұмысқа кірісе сала жұмылып жұмыстанса барлық бастамалар іске асып, еңсеміз едәуір көтеріліп қалар еді. Қалай дегенмен де көп нәрсе айналып келіп өзімізге де тіреледі. Президент жолдауда «алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет»-деген де ойды айтты. Реформаны жасайтын жасанды интелект емес, жаны бар адамдар. Демек, әрқайсымыз өз саламыз бойынша мейлінше еңбектеніп, ұтымды ұсыныстарды ұсынып, ойымызды ортаға салып, реформа жасау ісіне ат салысып, Президенттің жанынан табыла білсек, бітпес шаруа болмайтынын тағы да бір дәлелдеген болар едік.

 

Құрақбай Амангелді

«Сәтбаев қаласының ішкі

саясат бөлімі»ММ басшысы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларында, Жәйрем кентінде, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында «Қазэнергоцентр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шекті бағаның алдағы көтерілуі бойынша жария тыңдаулар өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласы, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *