Воскресенье, 8.12.2024

Ел экономикасын көтеру — елдік мұратымыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы әдеттегідей бағыт-бағдар сілтейтін маңызды құжат. Бұл Жолдауда Қазақстанның экономикалық реформалар бағытында дамуының үлгісі мен мақсаттары айтылды.

Жалпы алған кезде Президенттін халыққа жолдаған барлық Жолдауы реформалардың елімізге әсері, халықтың бүгіні мен болашағына, ұлттық сананы жаңарту мен жаңғыртуға бағытталғандығы айқын көрінеді. Азаматтардың табысын арттыру үшін келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып бекітілді. Бұл – Жолдауда Президент айтқан көп тапсырманың бірі. Яғни, еңбекақының төменгі мөлшерін көбейту арқылы 1 миллион 800 мың адам, ал бюджет саласында қызмет істейтін 350 мың азаматтың әл-ауқаты артпақ.

Осы Жолдауда да, Президентіміз қазақстандық жастардың бүгіні мен болашағына айқын ден қойған. Қасым-Жомат Тоқаевтың әрбір баяндамасында ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен жастар мен балаларды қорғау мен қолдауға қатысты көп пікірлер айтады. Президент жастардың жарқын болашағын құру кезінде қоғамда инклюзияның болуын қолдайды. Қазіргі кезде қала мен ауылдық аймақтардағы балалардың бірдей сапалы мектептерде білім алуын, сол мектептердің қауіпсіз болуына аса мән беретіндігі айтылды. Жастар – қоғамның үлкен қозғаушы күші, мемлекеттің дамуына серпін беретін қоғамның бір бөлігі. Сондықтан жастар мәселесі мемлекеттің басты назарында. Жастарды қолдау — мемлекеттің болашағына жағдай жасау екені сөзсіз.

Бексұлтан Құсайын,

Ынтымақ ауылдық округінің “Жастар тәжірбиесі” бойынша маманы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *