Вторник, 28.05.2024

Ел дамуының жаңа белестері

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында «еңбек адамдарына» үлкен мән беріп, олардың мәртебесін көтеру керектігіне назар аударды. Сонымен қатар, ең төменгі жалақы мөлшерінің ұлғаюын жариялады, Үкіметке зиянды өндіріске тартылған қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер алгоритмін, сондай-ақ, қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырғанын білеміз.

Бірінші кезекте Президент Үкіметке 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырды. Осылайша, үш жыл ішінде ең төменгі жалақы мөлшері екі есе көтерілді.
Зиянды өндірістегі жұмысшыларға да өзгерістердің оң әсері тиеді. Мұндай мамандарға салалардың дамуына қосқан елеулі үлесін және денсаулыққа зиян келтіру дәрежесін ескере отырып, зейнеткерлік жасқа толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленетін болады.
Президент білім беру жүйесіне де ерекше назар аударды. Оның айтуынша, ол бүгінгі және болашақ еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып өзгеруі керек. Ұлттық экономиканың бірқатар салалары қазірдің өзінде кадрлық тапшылықты сезінуде, әсіресе техникалық және жұмысшы мамандықтары бойынша. Оқу орындары әлеуметтік жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді серіктестік құруы керек.
Сондай-ақ, өндірістегі жарақаттанудың жоғары деңгейі мәселесі өте өткір мәселе болып қала береді. Үкімет жыл соңына дейін «2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын» қабылдауы керек. Ол жұмыс орындарындағы кәсіби тәуекелдердің алдын алуға және болдырмауға бағытталуы тиіс.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде сирек кездесетін жер металлдарының кен орындарын игерудің басым бағыты болуға тиіс екенін атап өтті. Ал 2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерттеу аумағы ағымдағы бір жарым миллионнан кем дегенде 2 миллион 200 мың шаршы шақырымға дейін өсуі керек.
Осылайша өндірісті жандандырып, «еңбек адамының» мәртебесін көтере отырып, ел дамуының жаңа белестеріне қол жеткізетініміз анық.

Арынғазы ТӘКІБАЕВ,
Қаражал қаласы қоғамдық кеңесінің
төрағасы, қалалық мәслихат депутаты

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

АСТАНАДАҒЫ ТҮРІК АСХАНАСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ

Жыл сайын 21-27 мамыр күндері түрік асханасына арналып, апта бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Түркияда Эмине …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *