Вторник, 28.05.2024

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

Қазақстанда әр түрлі салаларда өндіріске қажет шикізатты шетелден импорттайды. Оның құны қымбат, дүниежүзіндегі логистикалық тізбектің тұралап қалуынан тасымалы да тез емес. Бұл сөзсіз өнеркәсіптің дамуын тежейді. Импортқа тәуелді экономиканың әр тараптандыруға кедергі келтіреді. Елде экспорттағы шикізат үлесін азайтып, ал зауыттарға қажет шикізат үлесін керсінше елде өндіру әсіресе қазір аса маңызды. Президент биылғы жолдауында осы мәселеге ден қойып,жаңа экономикалық бағыттарды айқындады.
Ең бастысы шикізатқа байланған экономика әр тараптандыру импортқа тәуелді нарыққа өзіміздің өнімді ұсыну. Негізгі салаларда терең өңдеуді қолға алу. Алайда ол үшін өңдеу өнеркәсібіне шикізат қолжетімді, әрі жеткілікті көлемде берілу тиіс деп санаймын.
Менің ойымша жаңа экономика модельді біз көбірек инвесторларға сүйенуіміз қажет. Бизнесте жүрген азаматтардың өзін қаржысын өзінің өндіріске дамытуға салуға жағдай жасалыну мәселесі жаңа реформаның бастамасы деп ойлаймын. Ал тек қана мемлекеттің қаржысына иек артып отыру ұзаққа бармайды.
Өзіміздің отандық селекция жүйесін күшейтіп, біздің өзіміздің диқандары шетелдік селекцияға тәуелді болмай, тұқымшаруасын көбейту мәселесін айтты. Осы жерде ғылымды күшейту арқылы біз жалпы отандық товар өндіру болсын, бұл деген біздің егін шаруасында, көкеніс шаруасында өте үлкен серпіліс береді.
Тағы бір айтылып кеткен үлкен мәселе балалардың қауіпсіздігі. Балалардағы тәрбие, балалардың білімі, ортақ құндылық негізінде болу қажет. Уәкілдер институтын одан әрі дамыту, олардың барлығының құқықтарын қорғауда белгілі шешімдерді көрсету қажет.
Сонымен, экономикалық саясаттың іске асырылуына үкімет толық жауап береді. Әлемдік қаржы нарығындағы ахуал сәт сайын өзгеріп жатқан кезеңде, экономикалық саястаттың жедел әрі нақты іске асқаны маңызды. Сол үшін Қ.Ж.Тоқаев міндеттің бәрін үш жылдың ішінде орындалуын бақылайды және де жаңадан құрылған мемлекеттік органдар нақты бір салаға мамандандырылады, бұл су,жол мәселесіне қатысты ең маңызды сұрақтың көлеңкесіңде қалмай дер кезінде шешілшуіне ықпал етеді деген үміттемін. Бұл жолдаудан бәріміздің күтер үмітіміз көп!

Нұрбибі Әбілхан

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Әдемі өлеңдері әсерлі әуенмен әдіптелген

Жезқазғанда жақсы өлеңді жан азығы еткен, ақынын алақанына салып аялап, әспеттеген ақжүрек ағайынға арналған ақын, Қазақстан …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *