Понедельник, 17.03.2025
Слушай на zhanafm.kz ! Жаңа FM
oplus_0

Аналар – дастархан төрінде

 

 

Ана – отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тірегі. Аналардың еңбегін, махаббатын және адалдығын бағалау – әрқашан маңызды. Қала әкімі Мұрат Бөрібаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аналарға арналған құрмет дастарханын ұйымдастырды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – аналарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы рөлін атап өту және мерекелік көңіл-күй сыйлау. Сонымен қатар, аналардың бір-бірімен пікір алмасуына, тәжірибе бөлісуіне және жаңа таныстықтар орнатуына мүмкіндік берді.
Құрмет дастарханына көпбалалы аналар, білім, мәдениет  және өнер саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер, сондай-ақ, қоғамдық өмірге белсенді қатысатын еңбек ардагерлері шақырылды. Әрбір қатысушы өзінің ерекше үлесімен және жетістіктерімен кештің мәртебесін көтерді.

Шара барысында аналарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Жергілікті өнерпаздар ән айтып, би билеп жүректерге жылылық сыйлады. Қала басшысы бастаған ер-азаматтар жылы лебізін білдіріп, олардың еңбегіне алғыс айтты.

– Аналарымыз – біздің баға жетпес байлығымыз. Олардың арқасында біз бақытты балалық шаққа ие болдық. Ал, қазіргі таңда олар біздің қоғамның дамуына зор үлес қосып келеді, – деп атап өтті.

Мерекелік дастархан қазақтың ұлттық тағамдары, сондай-ақ, еуропалық және шығыс асханасының дәмді тағамдарымен толтырылды. Қонақтар дәм татып, бір-бірімен әңгімелесіп, көтеріңкі көңіл-күйде әсерімен бөлісті. Ризашылықтарын білдіріп, қала әкіміне және ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Олар бұл басқосудың өздері үшін өте маңызды екенін атап өтті. «Біз үшін нағыз мереке болды. Құрметті және бағалы екендігімізді сезіндік», – десті.

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Мемлекеттік онкологиялық орталықтарда жатыр мойны обырының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді

Елімізде жылына 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады. Бүгінде осы айықпас дертке шалдыққандар арасындағы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *