Пятница, 25.04.2025

Алтын мерейтоймен құттықтады

Сәтбаев қаласындағы АХАТ бөлімінде «Алтын той», «Күміс той» иелеріне құрмет көрсетіліп, жаңадан отау тіккен жас жұбайларға ресми түрде неке куәлігі тапсырылды.

Жүздері бал-бұл жанған жастар, жанарынан мейірім шуағы төгілген ата-әжелердің басын біріктірген кездесу отбасы күніне орай ұйымдастырылған. Жастайынан шаңырақ көтеріп, өмірдің ащы-тұщысын бірге татқан, бүгінде шаңырақ көтергендердің алды 50 жыл арты 30 жылды құрайды. Отбасы құндылығын дәріптеп жүрген бірнеше отбасы қаламыздағы АХАТ бөліміне арнайы шақырылды. Салтанатты шара барысында сөз алған Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина қол ұстасқан жұбайларды отбасы күнімен құттықтап, қала әкімі Асқар Ыдырысовтың құттықтау хаты мен естелік сыйлықтарын тарту етті.

 

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Прокуратура предупреждает: «Осторожно, мошенники!»

За последние сутки два жителя нашей области стали жертвами мошенников. В первом случае злоумышленники представились …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *