Суббота, 27.07.2024

Алматыда Түрік асханасының апталығы басталды

24 мамырда Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжінде Түрік асханасының күндері аясында Еге аймағына арналған дегустация өтті. Шараға Алматы қаласының Түркиядағы бас консулы қатысты.
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жары Емине ханымның бастамасымен 21-27 мамыр аралығында Түрік асханасының күндерін жыл сайын халықаралық деңгейде атап өту үрдіске айналған. Бастама “Sıfır atık” яғни “ысырапсыз өмір” деген идеямен жүзеге асады.
Түркия Республикасының Алматы бас Консулы Эврен Мүддерисоғлұ: Біздің елдің асханасының әр аймақ, әр облысқа сай ерекшеліктері мен өзіндік қағидалары бар. Қазір Түркияның алдыңғы қатарлы мейрамханалары мен қонақ үйлерінде түрік асханасының күндеріне орай кең дастархан жайылып жатыр. Іс-шарамыздың бірінші күнінің Түркиядағыдан кем өтпеуіне ықпал етір отырған Чилен ханым мен Сехер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз”.
Қонақтарға ұсынылған тамақтардың барлығы Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжі студенттеріне академиялық ұтқырлық бойынша 2 ай бойы тәлім берген түркиялық аспаздардың қолынан шыққан.
Ерұлан Қарағұлов, Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры: “ Туризм саласындағы қызмет көрстеу сапасы жөнінен әлемдік алдыңғы қатарлы елдердің бірі – Түркия. Біздің студенттеріміз Анталияның қонақ үйлеріне тағылымдамадан өтіп жүр. Осы орайда, Алматы қаласындағы Түркия бас консулдығынан тіл мәселесі жөнінен көмек көрсетуін сұрадық. Студенттеріміз сәуірдің басынан бастап түрік асханасының қыр-сырын меңгеріп қоймай, бауырлас халықтың тілін де үйрену үстінде. Бүгінгі шара тағылымдамадан өткен студенттеріміз бен арнайы Түркиядан келген ұстаздарымыздың ортақ жемісі”.

Шаттық СӘДУАҚАС
www.tga.gov.tr
www.goturkiye.com

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

«Halyk Инкассация» Ақтауда өзін атып тастаған инкассаторға қатысты пікір білдірді

«Halyk Инкассация« ЖШС өкілдері Ақтауда инкассатордыңөз–өзіне қол жұмсауы туралы бірқатар БАҚ–та жарияланғанақпаратты қалалық полиция басқармасы растағанынхабарлайды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған «HalykИнкассацияда« жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.Осыған байланысты компания тергеу аяқталғанға дейіністің мән-жайына қатысты пікір білдіру мен оны жарияетуден бас тартады. «Halyk Инкассация» ЖШС және Halyk Bank марқұмныңтуыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *