Суббота, 27.07.2024

Аймақта алаяқтықпен күресу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп

Ұлытау облысының прокуратурасы аймақта алаяқтықпен күресу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Өздерін банк қызметкерімін деп таныстырып, жеке деректерін иемденіп, жәбірленушілерге онлайн-несие рәсімделген көптеген жағдайлар анықталды.
Мысалы, ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Жезқазған байыту фабрикасының жұмыскеріне өзін «Kaspi Bank» қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреу телефон соғып, жұмыскер оған сеніп «ANY Desk» қосымшасын жүктеп алып, SMS-кодын берген, нәтижесінде 2 445 116 теңге алданып қалады.
Тағы бір жағдайда, ағымдағы жылдың 11 қаңтарында дәл осындай жолмен белгісіз біреулер телефон арқылы Сәтбаев қаласының зейнеткерін 2 000 000 теңгеден астам сомаға алдап кеткен.
Бүгінгі таңда 18 азамат алаяқтардың құрбаны болды.
Құрметті облыс тұрғындары, сақ болыңыздар, өзіңізді алаяқтардан қорғаңыз, жеке ақпаратты, төлем картасының нөмірлерін, кодтар мен құпия сөздерді бермеңіз, күмәнді төлемдерді жасамаңыз, «ANY Desk», «Kенгуру» және т.б. қосымшаларын орнатпаңыз.
Өзара әрекеттесу арқылы біз қоғамда алаяқтыққа мүлдем төзбеушілік атмосферасын құра аламыз.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жаңалық жаршылары

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алатын орны қашанда ерекше. Қаламын қару еткен журналистер – жаңалықтың жаршысы, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *