Суббота, 27.07.2024

АСТАНАДА QAZAQFORUM БАСТАЛДЫ

30 мамыр, 2024 жыл, Астана – Бүгін Астана қаласында АҚШ Елшілігінің қолдауымен қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың «Болашақтың дидары. Жаңа технологиялар және медиа» тақырыбында VII QAZAQFORUM өтті.

Форумда 300-ден астам медиа сарапшылар, журналистер мен блогерлер болашақтың технологиялары, контент жасау мен тұтынудың мәдениеті, жасанды интеллектінің қауіпсіздігі мен халықаралық реттеу стандарттары, сондай-ақ, креативті индустрия, мәдениет және технология тақырыптарын талқылады.

Қазақстандағы АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Джуди Куо өзінің құттықтау сөзінде қазақ тілінде контент жасаушылардың еңбегіне алғысын білдірді: «QAZAQFORUM – АҚШ-тың қазақтілді медианы қолдау бағыты бойынша маңызды шарасы. Қазақтілді контент жасаушылардың еңбегі Қазақстанның медиа кеңістігін ілгерлетіп қана қоймайды, қазақ тілінде ақпарат пен танымды контентті тұтынып жатқан өскелең ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін өте маңызды. Сонымен қатар, қазақстандық мамандар аймақтағы технология мен медиа саласындағы өзгерістердің көшін бастап келеді. Әрине, қоғамның барлық салаларында жасанды интеллекттің бұрын-соңды болмаған өсуін ескере келе, сол инновациялардың жалған ақпарат таратуға пайдаланылуы сияқты сын-тегеуріндерді ұмытпаған жөн. Сол себепті, осындай форумның өтуі өте маңызды: жаңа технологиялардың дамуымен қатар, оларды жауапкершілікпен пайдалану жағын да талқылау».

Биыл жетінші рет өткізілген форум танымал тұлғалар мен спикерлердің басын біріктірді. Солардың қатарында арнайы АҚШ-тан келген маман Эмерсон Брукинг, Еркін Тұқымов, Рүстем Биғари, Жайнагүл Төлеміс, Арман Абдрасилов, Сырым Итқұлов, Нұрсұлтан Құрман, Нұрбек Мәтжани, Кенжебек Азатбеков, Айгүл Жамалова, Нұрмахан Мұқанұлы, Гүлнұр Мамасарипова, Аман Тасыған, Абылай Адайұлы спикер ретінде, Қарлығаш Жаманқұлова, Назым Жанғазы, Әділхан Мусин және Динара Сатжан модератор ретінде қатысты.

Сонымен қатар, форум барысында қатысушыларға қосымша шеберлік сабақтар ұсынылды: Experts Hive & Digital Hive қауымдастықтарының негізін қалаушы Наргиз Батыршаева күнделікті өмірде нейрожелілер мен промптарды қалай пайдалану керектігін көрсетсе, Davai.Sxodim медиа жобасының негізін қалаушыларының бірі Бақдаулет Бекжанов жасанды интеллект көмегімен контент жасау жолдарын айтып берді.
Форум қатысушылары су тасқыны туралы Батыс Қазақстан облысынан 360 форматта түсірілген арнайы репортажбен танысып, “Астана Ван Гог” картиналары атауымен ЖИ арқылы жасалған Астана бейнеленген қозғалмалы суреттерді тамашалай алды.
Шараның дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бейресми бөлігінде танымал әнші Arshat өнер көрсетіп, форум қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, форумды тәмамдады.
QAZAQFORUM – қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың басын біріктіріп, жаңа технологиялар мен медианың болашағы туралы маңызды мәселелерді талқылауға арналған бірегей шара.

 

           

Форум туралы толық ақпаратты http://www.qazforum.kz сайтында және @qazaqforum Инстаграм парақшасында таба аласыздар.

www.ttjk.kz

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

«ЕРКІН СӨЗ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ және “Халық банкі” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында қаржы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *