Пятница, 22.11.2024

Ұлытау облысы бойынша ІМАДнің 2023 жылғы I тоқсандағы әкімшілік тәжірибесі жөніндегі қызметінің қорытындылары

Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзыреті шегінде аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары негізінде, сонымен қатар, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар негізінде де әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды және қарайды және салынған айыппұлдар сомаларын бюджет кірісіне өтеуді қамтамасыз етеді.

Іс жүзінде Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді белсенді қолданады, бұл әкімшілік іс қозғалған адамға санкцияда көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде айыппұл сомасын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді(Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 810 және 811-баптары).

Мәселен, ағымдағы жылдың І тоқсанында 8 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 1 138,500 мыңтеңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұзушылықтар бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу салаларында анықталды, атап айтқанда:бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректерді жасыру, конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу, әлеуетті өнім берушіні Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тану, жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөлмеу, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап-арызбен сотқа уақтылы жүгінбеу, алдын ала рұқсат беру және қорытындылар туралы хаттамалар әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі көрсетпеу.

Есепті кезеңде Департамент тарапынан салған айыппұлдар сомасы бюджет кірісіне толық көлемде өндірілді.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *