Четверг, 21.11.2024

Қазақстандағы ең үлкен шахмат академиясы Ұлытау облысында бой көтеруде

Жезқазғанда қайта құрылып жатқан нысанның жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрайды. Өзге өңірлердегі арнайы ғимараты бар шахмат академияларының аумағымен салыстырғанда бұл екі есе кең көлемді болмақ.
Құрылыс жұмыстары биыл қазан айында аяқталуы тиіс. Ол жайында Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлының жұмыс сапарымен бақылауы барысында «Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев айтты.
Анықтама үшін: «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен Жезқазған қаласы, Момышұлы 16 мекенжайындағы аяқсыз қалған үш қабатты нысан сатып алынып, бастан аяқ қайта жаңартылуда.
Жансая Әбдімәлік шахмат академиясы болуы тиіс үш қабатты ғимараттың қазіргі таңда дизайн жобасы дайындалды. Техникалық тексеруден өткеннен кейін іргетасын берік қылу мақсатында күрделі жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда қасбеті мен төбесі, нысанның іші қатар жөнделуде және арнайы жиһаздармен толықтырылады.
Академияның дизайн жобасына сәйкес арнайы залдар, жаттықтырушыларға арналған кабинеттер, ата-аналарға арналған күту залы, әкімшілік, киім ауыстыру бөлмесі, демалуға арналған орын қарастырылған.
Айта кетейік, болашақ академия 700 баланы даярлауға қауқарлы болмақ.
                      
                         

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *