Воскресенье, 24.11.2024

Қазақстан – Жаңғыру жолында

Елдің жағдайының жақсаруы ең бастапқы ол экономикадан басталады. Ал экономиканы құрайтын негізгі мәселелердің бірі кәсіпкерлердің дамуы. Сондықтан биылғы жылғы жолдауда президент экономиканы және кәсіпкерлікті дамытуды бастапқы жолға қойып отыр.

«Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау жұмыстарының бәрін басынан бастап реттеу керек. Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшамды әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет», – дейді Тоқаев.

Сондай-ақ, президент мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән беретінін айтты.

“Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап. Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет. Осының бәрін жүзеге асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс», – дейді.

Оның айтуынша, кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуы тиіс.

“Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық», – деді Тоқаев.

Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді.

Ел Президентінің бұл Жолдауы халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған.

Олай болса, еліміздің жарқын болашағы мен кемел келешегі үшін Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау – әр азаматтың борышы. Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген бірқатар мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Ендігі кезекте тек жұмыс жасау қажет.

Міне жылдың жартысы өтті жұмыс жасалып алға қойылған мақсаттары мен жолдаудың негізгі мақсаттарының нәтижелерін де көріп отырмыз.

Сондықтан жылда жоспарға сай жолдау бағытымен біртіндеп елімізді алдыңғы қатардағы дамыған елдің қатарына да жеткенін көруіміз керек. Бұндай нәтижеге жетуге бәріміз жауаптымыз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Шолпан Жангаскинова,

Сәтбаев қалалық мәслихат депутаты

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *