Суббота, 23.11.2024

Қазақ тілін қастерлеген

Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды.
«Достық» үйіндегі шара кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орайластырылды. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы -– тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бұл күні барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде тіл мерекесін атап өтеді. «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Біздің қаламызда мемлекеттік тілді қастерлеп, өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері жетерлік. Осы кеште солардың бір тобы өнерін ортаға салды. Олардың қатарында Аделина Гитинова, Артем Артемьев, Владимир Гайнуллин, Дмитрий Некрасов, Евгений Соколовский қазақ тілінде ән шырқап, баршаны ана тілімізді құрметтеуге шақырды.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Подростковые суициды: причины и способы профилактики

По республиканской статистике суицидов среди несовершеннолетних, область Улытау далеко не в лидерах. В 2022 году …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *