Пятница, 22.11.2024

“Шығыс экспресс” – әлемдегі ең танымал теміржол желісі жаңа маусымға дайын

Түркияның орталығынан шығысына ұмытылмас саяхат ұсынатын әлемнің ең керемет пойыз бағыттарының бірі – “Orient Express” жолаушыларға қызмет көрсетуге кірісті. Түріктер жерінде шытырман оқиғаны қалайтындар үшін таптырмас олжа – Orient Express жақында ғана алғашқы сапарын аяқтады.
Шамамен 1310 шақырымға созылатын жол Түркия астанасы Анкарада басталып, Кырыккале, Кайсери, Сивас, Эрзинджан және Эрзурумға дейін жалғасып, Карста аяқталады. Шамамен 26 сағатқа созылатын сапар жолаушыларға бағыт бойынша Түркияның әртүрлі географиясын байқауға және шығыс аймақтағы ауылдардың қысқы маусымдағы тұрмыс-тіршілігімен таныстырады.

Анкара-Карс бағытында екі түрлі пойыз жүреді: Шығыс экспрессі және туристік шығыс экспрессі. “Orient Express” деген қызығушылықтың артқаны сонша, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру үшін 2019 жылы маршрутқа туристік нұсқасы қосылды. “Orient Express” құрамында тракторлар мен купе вагондары бар және шамамен 50 аялдаманы қамтиды. Туристтік “Шығыс экспресс” 29 аялдамаға тоқтайды, ұйықтайтын және асхана вагондары бар.
Жаңа маусымда туристік “Orient Express” Анкара-Карс бағытындағы Эрзинджан және Эрзурум станцияларында, сондай-ақ, Карс-Анкара бағытындағы Илич, Дивриги және Сивас станцияларында экскурсиялық аялдамалар жасайды. “Tourist Orient Express”-те сегіз жатын орын және бір асханамен жабдықталған. Әрбір ұйықтайтын вагонда екі жатын орнынан тұратын он купе (бөлме) бар.

 

https://www.gotürkiye.com

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл үшін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *