Пятница, 22.11.2024

Президент Жолдауы – мемлекет дамуының басты механизмі

2023 жылы 1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Жолдау мемлекетіміздің саяси жəне экономикалық дамуының ең маңызды кепілі екендігін айта келіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жүзеге асырылатын жаңа міндеттер туралы кеңінен талқыланды. Президент Жолдауының басым көпшілігі іске асырылды. Санамалап айтатын болсақ: 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсті. Дəрігерлердің де айлығы айтарлықтай көтерілді.

Халыққа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану құқығы берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көріп, баспанаға қол жеткізді. Ел дамуының түптамыры ауылда екенін терең сезініп, ауылдық жерлерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып, 400-ге жуық «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектептер бой көтерді. Ауыл жəне ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстары Жолдаудан тыс қалмады. Ауыл шаруашылық өнімдері: ет, сүт,астық жəне жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты ел үшін болашағы зор бағыттарға басымдық беру керектігін атап өтті. Ауыл-аймақты дамыту мақсатында шағын шаруашылықтарды қолдау үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасының халыққа аса қажет екендігі айқын көрінді. Осы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жылқы, сиыр сияқты ірі қара мал бастарын көбейту жұмыстары бірқатар жүзеге асырылуда. Ауылшаруашылық техникаларының əбден ескіріп, тозуына байланысты ауыл шаруашылық техникасының жыл сайын 8-10 пайызын жақсарту қажеттілігін басып айтты.
«Бизнестің жол картасы» жəне «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіре отырып, шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуды қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керектігі ашып айтылды. Жолдауда ел Президенті, «Адал азамат тұғырлы тұлға болудың негізі боп жас кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз əрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз»,- деді. Бұл кезекте кəмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықты кез келген түріне жазаны күшейту мемлекетіміздің ізгілікті дамуының басты мəселесі. Осы орайда жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік барлығы да балаларға қауіпсіз болуы үшін бүкіл шаралар қолға алынатынын атап көрсетті. Біз мəдениетті, білімді, əлемді дамыту арқылы алға қойған мақсаттарымызға қол жеткіземіз. Əділетті қоғам құрамыз десек, саяси- экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы қоғамдық сана азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Əрбір отаншыл, білімпаз, еңбекқор,тəртіпті, адал, əділ, үнемшілік əрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мəні — осы. Жолдауда «Қазақстан біздің жалғыз ғана Отанымыз, оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің басты парызымыз екендігі нақты, айқын түрде баса айтылды. Сонымен қатар мемлекетіміздің əрбір азаматты осы қасиетті парызға адал болуға шақырды. Жолдауда көрсетілген маңызды мəселелер еліміздің дамуына, өркениетті ел болуына өз үлесін толыққанды қосатындығына сеніміміз мол.

Гүлсім БАЗЫЛОВА,
Аманкелді ауылдық округі əкімі аппаратының маманы.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *