Пятница, 22.11.2024

Жолдау – экономикалық әл-ауқатты арттыруға бағытталған

Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Президентіміздің 2023 жылғы Жолдауы Жаңа Қазақстанды əлем кеңістігінде нық басуға, халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтаждығын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-əрекеттер көрсетілген Жолдау деп айтуға болады.

Əрине, Жолдау негізінен əлеуметтік мəселелерді шешуді алға қойғанымен, басты мəселе ретінде экономикамыздың нық басуына бағытталған, атқарушы биліктегі күрделі мəселелерді шеше отырып, инфрақұрылымдық өзгерістерді нық жəне батыл шешкен іс-шаралармен осы Жолдау ерекшеленді деп айта аламыз. Себебі, бірнеше министрліктер пайда болды. Əсіресе, бұл жерде соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне су тапшылығының байқала бастағанын болжаған Мемлекет басшысы осы саламен арнайы айналысатын министрлік ашуы, еліміздің логистикалық əлеуетін ескере отырып, жаңадан көлік министрлігін, əлемдік экономикада ерекше орын ала бастаған туризмнің болашағын ескере отырып, осы бағытпен айналысатын министрлік ашуы, экономикамыздың əрқашан да драйвері болып есептелетін өндіріс пен құрылыс министрлігі ашылуы Мемлекет басшысының осы бағыттағы түбегейлі өзгерістер əкелетін шешімі деп айтуға болады. Осы өзгерістердің барлығы мемлекетіміздің материалдық базасын нығайтып, əлеуметтік бағдарламаларға, ғылым мен білімге қаржы бөлуге мүмкіндіктерді күшейтетіні анық.
Соның дəлелі ретінде, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев ең алдымен адами капиталды арттыруға бағытталған жұмыстарға есеп берді. «Ұлттық қор — балаларға» жобасы — өзінің президенттік бағдарламасындағы берген уəделерін жүзеге асырудың алғашқы баспалдақтары деп санаймын. Сол сияқты, Президент əкімшілігіндегі болған кадрлық өзгерістер мен ауыс-түйістер елімізде болып жатқан саяси-экономикалық реформалардың уақыт талабына сай екендігін, сөз бен істің арасындағы алшақтықтың азая бастағанын көрсетеді.

Мұратбек ЖҰМАБЕК,
Жезді кентінің əкімі

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *