Четверг, 21.11.2024

АЛАЯҚТАРДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ ЖОЛЫНДА

Бүгінгі таңда халық арасында кеңінен тарап, тұрғындарды сазға отырғызып жатқан алаяқтардың саны азаяр емес. Күн өткен сайын адамды алдап-соғуды оңай санап алаяқтық қылмысқа баратындар көбейді. Әсіресе күнделікті қолданатын ұялы телефон арқылы интернет алаяқтығы жыл сайын өсуде.

Сәтбаев қалалық прокуратура мен полиция өкілдері бірлесіп қылмыскерлердің жолын кесудің түрлі тәсілдерін талқылау мақсатында жиын өткізді. Полицейлердің тиянақты еңбегі мен күндіз-түні із-кесіп, соңғы технологияны пайдалана отырып, атқарған жұмыстарының арқасында алаяқтар ұсталуда. Нәтижесінде бұл қылмыстың ашылуы да артып жатыр.

Алайда тәртіп сақшылары үшін тұрғындардың сақтық шараларын күшейтуі маңызды. Басты мақсат – интернет алаяқтардың жолын кесу, зорлық зомбылықтың алдын алу, кәмелет жасына толмағандар арасында қылмысты болдырмау. Қылмыстың алдын алу және оған қарсы күресу, жедел-іздестіру және профилактикалық қызметтің сапасын жақсарту жұмыстары жалғаса бермек. Сәтбаев қаласында 29 қаңтар мен 9 ақпан аралығында интернет алаяқтық қылмысының алдын алу шарасы өтуде. Қарапайым тұрғындар сан соғып қалмас үшін бірлесіп, алаяқтарға тосқауыл

болуды көздейді. Өз кезегінде мамандар тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырады.

 

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.

Сурет автордікі.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *