Понедельник, 9.12.2024

«TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ ТУРАЛЫ

2025 жылы V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы Еуропалық одақтың астанасы — Брюссельде болады. Ал “Түркітілдес журналистер қоры” ҚҚ 10 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілген IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы 2024 жылдың 11-12 қарашасында Алматыда өтті. Шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, Германия, Британия, Солтүстік Кирпден 300-ден астам адам қатысты. ҚР Сенат және Мәжіліс депутаттары, дипломаттар, БАҚ басшылары, журналистер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультптінің декандары, оқытушылары мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысқан Медиа форум маңызды мәселелер мен болашақ стратегиялар жайлы кеңесетін тамаша мүмкіндік болды.
Медиа форумда талқыға салынатын тақырыптар медиа және туризм саласындағы ортақ жобалар, дәстүрлі журналистика мен әлеуметтік медианың жаңа тенденциялары, жасанды интеллекттің медиаға ықпалы, геосаяси ахуалдың түркі елдеріндегі медиа нарыққа әсері, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жолдары т.б. талқыға салынды.
«ТҮРКІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ТУРИЗМ ЖӘНЕ PR” тақырыбындағы жалпы отырыста түркі мемлекеттерінде PR және маркетинг құралдарын тиімді пайдалану арқылы туризм секторының дамуына ықпал ету сөз болды. Мысалы, мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың туристік PR-ды дамытудағы рөлін нақтылау. Туристік маркетинг саласындағы мамандарды оқыту және кәсіби білігін арттыру, жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру. Түркі әлемінде туризмді дамытудың бірлескен стратегиясын әзірлеу. Туристік маркетинг саласындағы мамандар арасында байланыс желісін құру. Түркі елдеріндегі туризм секторының әлеуеті туралы ақпараттандыруды күшейту т.б.
«ТҮРКІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ГЕОСАЯСИ АХУАЛ ЖӘНЕ МЕДИА НАРЫҚ» тақырыбындағы 2-отырыста геосаяси жағдайдың түркітілдес елдердің медиа саласына қатты әсері талқыланды: санкциялар, ақпарат ағынындағы өзгерістер және журналистер үшін жаңа сынақтар бөлшектенумен, жалған ақпараттың өсуімен және тәуелсіз БАҚ-қа қысымның күшеюімен сипатталатын жаңа медиа ландшафтты қалыптастырып жатыр. Осы сын-қатерлерді еңсеру үшін журналистердің кәсіби қоғамдастығын нығайту, халықтың медиасауаттылығын дамыту және тәуелсіз БАҚ-ты қолдау қажет. Ақпараттық ағынның өзгеруінен медиа кеңістіктің бөлшектенуі пайда болды. Осының салдарынан пропаганда мен манипуляцияға бейім ақпараттық алаңдардың қалыптасты. Бұл шынайы ақпаратқа қол жеткізуге кедергі жасайды.
Ақпараттық соғыс жағдайында дезинформация мен фейк ақпараттар күшейеді. Бұл журналистерге нақты ақпарат пен «аңыздарды» ажыратуда қиындық келтіреді.
«АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУДЫҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, ЖАҢА ФОРМАТТАР» деген 3-отырыста ақпаратты тұтыну әдетінің өзгеруі және болашағы, айталық, жасанды интеллект пен жаңа форматтар, әлеуметтік желілер, қысқа видеолар, аудиоформаттар сияқты жаңа технологиялардың пайда болуы адамдардың ақпаратқа деген қажеттілігін және оны қабылдау тәсілін түбегейлі өзгертті. Бұл жаңа жағдайда медиа компанияларына жаңа форматтар мен платформаларға бейімделу, контентті монетизациялау және жасанды интеллект сияқты құралдарды тиімді пайдалану сынды үлкен міндеттер жүктеледі. Отырыста жасанды интеллект журналистика саласында қандай мүмкіндіктер ашады? VR/AR технологиялары қандай салаларда қолданылады? Контентті монетизациялаудың жаңа әдістері қандай? Әлеуметтік желілердің адамдардың психологиясына әсері қандай?
Контентпен байланысты өнімдер мен қызметтерді сату. Мерчендайзинг: Брендтің бейнесін пайдаланып, тауарлар шығару. Жасанды интеллект пен медиа кеңістігі т.б. мәселелер жайлы жан-жақты ұсыныс-пікір айтылды.
«АЙМАҚТЫҚ БАҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК» тақырыбын қаузаған 4-отырыс аймақтық БАҚ-тағы түйткілдерге арналды. Экономикалық қиындықтар: жарнамадан түсетін кірістердің төмендеуі, дәстүрлі БАҚ пен интернет-ресурстардың бәсекелестігінің артуы, сапалы контентті шығаруға кететін шығындардың көбеюі; кадр тапшылығы: білікті журналистердің жетіспеушілігі, әсіресе, облыстар мен аудандардағы қиындықтар; саяси және қаржылық қысым: аймақтық БАҚ жергілікті билік пен мүдделі топтар тарапынан қысымға ұшырайды. Бұл олардың сөз бостандығы мен объективтілігін шектейді. Технологиялық өзгерістер: техникалық жабдықты үнемі жаңарту және ақпаратты таратудың жаңа форматтарына бейімделу қажеттілігі, табыс көздерін әртараптандыру: жарнама, ақылы жазылымдарды дамыту, басқа ақпарат құралдарына контент сату, ақылы қызметтерді ұсыну (пресс-релиз, медианарықты зерттеу). Мультимедиялық форматтарды дайындау: аудиторияға қызықты жоғары сапалы видео контент, подкасттар, инфографикалар т.б. Аудиториямен өзара әрекеттесуді күшейту: оқырмандармен тығыз байланыс орнату, сауалнамалар, байқаулар, тікелей эфирлер жүргізу үшін әлеуметтік желілерді пайдалану. Бірегей контентке назар аудару: басқа БАҚта жарияланбайтын материалдар, жергілікті аймаққа қатысты эксклюзив жаңалықтар, проблемалар т.б. Әріптестікті нығайту: басқа аймақтық БАҚ, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйымдар және бизнеспен ынтымақтасу. Журналистердің кәсіби деңгейін арттыру: семинар-тренингтер, вебинарлар, шеберлік сабақтары, кәсіби қауымдастықты қолдау.
IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының шеңберінде «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ-ның «Шеврон» компаниясы серіктестігінде ұйымдастырған «Әлеумет – қоғам айнасы»-2024 байқауы мен «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ-ның «Шеврон» компаниясы серіктестігінде ұйымдастырған «Еркін сөз»-2024 байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *