Воскресенье, 23.03.2025

Mektepmenu: ата-аналар балаларының мектептегі тамағын бақылай алады

Енді ата-аналар Mektepmenu цифрлық қызметі арқылы сабақта жүрген балаларының тамақтануын бақылай алады.

Жаңа технологиялардың дамуымен және барлық процестің цифрландырылуына байланысты еліміздегі мектептердегі тамақтану жүйесіне де өзгерістер керегі анық. Бүгінде ата-аналар көбіне балаларының мектепте не жейтінін, мәзірде не барын білмейді және өнімнің сапасы мен қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты ала алмайды. Кері байланыса лыпбақылау мүмкін емес. Осы мәселені реттеу мақсатында Kundelik білім беру платформасы жаңа MektepMenu қызметін іске қосты. Ата-аналар балалары мектепте не жейтінін қадағалапқалған қажетті ақпаратты көре алады.

Енді сіз MektepMenu қызметін Halyk банктің мобильдіқ осымшасы арқылы пайдалана аласыз. Kundelik платформасымен интеграцияның арқасында қызметке кіру қосымша авторизациясыз жүзеге асырылады, ал бұл бүкіл процесті айтарлықтай жеңілдетеді.

«Біз Halyk қосымшасымен барлық клиенттерімізге пайдалы қызметтерді ұсынуға ұмтыла отырып, оның қызметтерін кеңейтіп отырамыз. MektepMenu қызметімен интеграция — бұл бағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңа сервис клиенттік тәжірибені жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз және ата-аналарға балаларының мектепте сапалы және дұрыс тамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.

MektepMenu қызметі ата-аналарға мектеп асханасы мен буфет мәзіріне, соның ішінде тағамдардың құрамына, порция мөлшеріне және бағасына толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қызмет сізге тамақтану сапасын жақсарту бойынша пікірлер мен ұсыныстар қалдыруға, сондай-ақ баланың мектеп асханасына барғаны туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді. Баласында аллергиясы бар ата-аналар үшін аллергиялық реакцияларды тудыратын өнімдерді көрсету функциясы да барБұдан басқа, балалары тегін тамақ алатын ата-аналар (1-4 сынып оқушылары және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларбаласының тамақтанғаны және мектеп асханасына барғаны туралы хабарлама алады.

Еліміздің оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақ ала алады. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 162 млрд теңге бөлінді.

Kundelik платформасының мәліметінше, мектеп оқушыларының 2-3%-ы науқастану немесе басқа дасебептермен күн сайын сабақтан қалады, бірақ бұл тамақтану жүйесінде әрдайым көрінбейді екен.

Егер бір балаға тегін ыстық тамақтың орташа құны жалпы бюджеттен есептелетінін ескерсек, әлеуетті үнемдеу жыл сайын 3,24 млрд теңгеден 4,86 млрд теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Осылайша, MektepMenu мектептегі тамақтануды ұйымдастыру процесін автоматтандырадыоның ашықтығын айтарлықтай арттырып, ыңғайлы және тиімді бақылау құралын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бюджеттің артық шығындалу қаупін азайтады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде Halykоқушылар арасында сауаттылықты арттыруға бағытталған Kundelik-пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Осылайша, өткен жылдан бастап оқуға деген ынтаны арттыру үшін Halyk Kundelik-пен бірлесіп оқушылардың үлгерімін ынталандыратын түрлі бастамаларды іске асыруда.

2024-2025 оқу жылының қыркүйегінен бастап «Үздік бағаларүшін бонустар» бағдарламасы одан да қызықты ынталандырулармен басталды. Енді 5-11 сынып оқушыларында 10 балл үшін 100 бонустан басқаHalykтан100 мың бонустың ай сайынғы ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігі бар.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Қоғамдық сананы экологизациялауға журналистиканың ықпалы зор

Соңғы кездері жиілеп кеткен табиғи және техногендік  қауіп-қатерлер, жер сілкінісі, су тасқыны, жаһандық жылыну, климат …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *