Пятница, 22.11.2024

    Жасай бер, Жезді!   

Ұлы Отан соғысының қысылтаяң кезеңінде академик Қаныш Сәтбаевтың тікелей басшылығымен аз ғана мерзім ішінде Жезді кенішінен алғашқы марганец кені алынғанына биыл 80 жыл толып отыр. 1942 жылы Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндерінде, рекордтық қысқа мерзім ішінде, бар болғаны 38 күнде геолог Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен Жезді тұрғындарының ерен еңбегімен марганец кеніші салынды. Сол жылы кен орнына жақын Жезді кенті пайда болды. Содан кейін өндірілген марганецтің алғашқы партиясы жөнелтілді.

Соғыстың қиын жылдарында Жезді кен орны елдің барлық марганец кендерінің 70%-дан астамын берді. Осыған орай «Той төбе» алаңында үлкен іс-шара өткізілді.

Жиналғандардың барлығын Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы құттықтап, марганец кенішінің бірқатар ардагерлерін Алғыс хатпен марапаттады. Бұл күні бірқатар ардагерлер «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы AMANAT партиясының, Ұлытау ауданының Құрмет грамотасымен, сондай-ақ, төс белгілермен марапатталды.

Мерекелік шарада үнемі қайырымдылық жасаудан көш бастап жүрген «Харекет» қайырымдылық қорының белсенділері де бой көрсетті. Жезді кентінің кішкентай тұрғыны Байдәулет Әбдірахманов бұл күні қос қуанышқа кенелді. Харекеттіктердің кезекті баспанасының кілті осы Байдаулетке бұйырғандығын айта кетейік. Бұл харекеттіктердің халыққа сыйлаған 736-шы пәтері.Тағдырдың жазуымен 10 жасар Байдәулет Күнболатұлы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. 2018 жылы анасынан айырылса, биыл шілде айында әкесі қайтыс болды. Жастайынан жетім калған бала қазіргі таңда тәтесінің қамқорлығында. «Харекет» қайырымдылық қорының арқасында Байдәулеттің енді өз баспанасы бар. Жезді ауылының кішкентай тұрғыны бес бөлмелі үйде тұратын болады.

 

Алтынгүл  ТӨЛЕГЕНОВА. Суреттер автордікі

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Подростковые суициды: причины и способы профилактики

По республиканской статистике суицидов среди несовершеннолетних, область Улытау далеко не в лидерах. В 2022 году …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *