Воскресенье, 24.11.2024

Ұлытау облысына қыркүйек айынан «Тальго» пойызы қатынайды

Ұлытау облысына «Тальго» пойыздары жүре бастайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлытау облысына көлік қатынасын дамыту мақсатында биыл қыркүйектен бастап Жезқазған қаласына «Тальго» пойыздары қатынайды. Ол үшін күн ара № 65/66 «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» және № 73/74 «Алматы-2 Жезқазған» бағытындағы пойыздар жолға шығады», — деді ведомстводан.

Сонымен қатар министрлік жыл басынан бері жолаушылар пойызына жүргізілген тексерістер нәтижесін жариялады. 300 пойыз тексеруден өтіп, оларда 700-ге жуық олқылық табылған. Анықталған фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Бұдан бөлек, мәлім етілгендей, қазір пойыз билеттерінің алып-сатарлығымен айналысатын тұлғаларды анықтау шаралары жүріп жатыр. Осыған орай ҚР ИИДМ Көлік комитетінің тапсырмасы бойынша жол жүру құжаттарын сатып алу және қайта сату фактілерінің жолын кесу мақсатында аумақтық бөлімшелер Көлік полициясының және Мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп теміржол вокзалдарында жұмыс жүргізуде.

Айта кетсек, бүгін аталған ведомствоға қарасты Азаматтық авиация комитеті жөндеуге жабылған Үшарал әуежайы пайдалануға берілгенін мәлім еткен болатын.

inform.kz

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Подростковые суициды: причины и способы профилактики

По республиканской статистике суицидов среди несовершеннолетних, область Улытау далеко не в лидерах. В 2022 году …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *