Суббота, 23.11.2024

Жолдау және энергетикалық қауіпсіздік

Қазақстан Президентінің биылғы Жолдауы халыққа энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударды. Елдің көмірсутек ресурстарына тәуелділігі азайып, жасыл энергетикаға көшу мәселесі күн тәртібінде тұр. Атом электр станциясы салу бастамасы осы бағыттағы шешуші қадамдардың бірі. Қазақстанда атом энергетикасы бұрыннан талқыланып келе жатқан мәселе болса да, соңғы жылдары бұл тақырыпқа байланысты қоғамда қызу пікірталастар жүріп жатыр.

АЭС құрылысының маңыздылығы:

Энергетикалық тәуелсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында АЭС құрылысы маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда әлемде ядролық энергетиканы қолдайтын елдер саны артып келеді, себебі бұл сала климат өзгерісіне қарсы күресте тиімді шешімдердің бірі ретінде қарастырылады. АЭС таза энергия көздерінің бірі бола отырып, қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайтады және тұрақты электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

6 қазан референдумы:

Алдағы референдум елдегі саяси және экономикалық мәселелерді шешуге арналған. Қоғамның АЭС құрылысына қатысты ой-пікірлерін ескеріп, халықтың дауыс беру арқылы өз пікірін білдіру мүмкіндігі бар. Бұл референдум мемлекет пен халық арасындағы байланыс күшейе түсуінің айқын көрсеткіші. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, референдумның өтуі елдің демократиялық үдерістерін нығайтуға, халықтың билікке деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Жолдау шеңберінде АЭС құрылысы мен 6 қазан референдумы Қазақстанның энергетикалық және саяси дамуының маңызды кезеңдері болып табылады. Халықтың белсенді қатысуы мен пікірін ескере отырып, мемлекет өзінің болашақ энергетикалық саясатын қалыптастырады.

 

Гүлден Байбатырова,

«Денсаулық» колледжінің студенті

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл үшін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *