Среда, 4.12.2024

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ТИІМДІ МЕ?

Елімізде АЭС салу бойынша қызу талқы әлі де жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында АЭС құрылысы бойынша референдум күнін белгілеген еді. Ол – 6 қазан деп бекітілді. «Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек», – деді Президент. АЭС салу мәселесі қазан айында болатын референдум арқылы шешіледі. Десек те елімізге АЭС құрылсы қаншалықты тиімді? Бұл жайында арнайы мамандардың пікірін білдік.

 

АЭС Электр энергиясының тұрақты көзімен қамтамасыз етеді.

Әсет Шәймерденов, ҚР ИДМ Ядролық энергетикалық қауіпсіздік мәселелері зертханасының меңгерушісі:

– Қазақстан ядролық салаға жаңадан келген мемлекет емес. Біздің ел ел уран өндіруден әлемде бірінші орында және осы элементтің барланған қоры бойынша екінші орында. Қазақстан Ақтау қаласында жылдам нейтронды атом электр станциясын да іске қосты. Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты Қытайдың атом электр станциялары үшін жылу жинақтарын шығарады, ал еліміздегі төрт ғылыми-зерттеу реакторы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша белсенді зерттеулер жүргізуде. Бұл жетістіктер АЭС құрылысы жобасын жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсетуге қабілетті мамандарды дайындаудың жоғары деңгейін көрсетеді. Қазақстанда атом энергетикасының табысты дамуына негіз жасайтын бірегей ресурстар мен білікті кадрлар бар. Болашақта бұл елді электр энергия сының тұрақты көзімен қамтамасыз етіп қана қоймай, ядролық технология саласындағы ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сондықтан АЭС құрылысынан қорықпауымыз керек. Елімізге АЭС тиімділігі барынша түсіндіріліді деп ойлаймын.

 

АЭС салынса кадр тапшылығы болмайды

Евгений Ермаков, Ядролық физика институты Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:

– Қазірдің өзінде елімізде электр қуатына сұраныс артып, оның тапшылығы байқала бастады. Мәселен, бүгінде Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы 1 ГВттан асты. Осыған байланысты сала мамандары дабыл қағуда. Әрине, тұрғындарда радиофобия бар. Бұл ең алдымен тарихи қорқынышпен, дәлірек айтсақ Семей ядролық полигонының әсерімен байланысты. Бірақ айта кету керек, ол кезде атом әскери мақсатта сыналған. Атом электр станциясы салынса, ол әлемдегі ең қауіпсіз станциялардың бірі болады.

Қазір әлемде 400-ге тарта атомдық ядролық реактор бар. Оның жартысы қысымды су реакторы қондырғылары. Әзірге олардың ешқайсысында төтенше жағдай орын алған жоқ. Көпшілік АЭС салынса, кадр тапшылығына тап боламыз деп ойлайды. Шындығында бұл дұрыс емес. Ядролық физика институты радиациямен жұмыс істеу және ядролық технологияларды қолдануды біледі. Бізде қысымды суды зерттеу реакторы бар, ол мәні бойынша болашақта Қазақстанда салынуы жоспарланған атом электр станциясының прототипі болып табылады. Сондықтан институт базасында атом электр станциялары мамандарын тәжірибелік оқытудан өткізуге болады. Алдын ала болжам бойынша, 400-ге жуық жоғары білімді маман қажет болады. Бізде бұл бағытта теориялық білім беретін оқу орындары жеткілікті. Бірақ тәжірибе қажет. Біз төрт қазақстандық жоғары оқу орнымен меморандумға қол қойдық. Осылайша, бізде мамандарды өз бетінше дайындауға барлық алғышарттар мен мүмкіндіктер бар. Сондықтан еліміз АЭС бізге қаншалықты қажет, сол жағын ескеріп шешім қабылдауымыз керек. Алдағы референдумда осы мәселеге толығымен нүкте қойылады.

 

Abai.kz

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *